Александровка орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында топтық спартакиада жалғасты…

 Шарбақты аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, Әлеуметтік әріптестік жылына орай өткізіліп жатқан ХХ топтық жазғы спартакиада Александровка жалпы орта білім беру мектебінде жалғасын тапты.

Мектеп директоры, әлеуметтік әріптес – Жанар Егинбаевна Иманкулова.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Аяулым Олжабайқызы Қазбек.

Спартакиаданың мақсаты – білім беру қызметкерлерін бір ортақ мақсатқа жұмылдыра білуге, өзара ұжымдық ауызбіршілігін нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Қазақ халқы дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған спорттық ойындарға ерекше назар аударғанын кез келген аңыз-жырлардан көруге болады.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының тоғызқұмалақ ойынын сүйіп ойнағанын, оны болашақ ұрпаққа дәріптегені бәрімізге мәлім.

4 топқа бөлінген аудан мектептерінің 3-тобы өзара бақ сынасты.

Болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздар өздерінің бақтарын спортта сынап көрді.

6 командадан құралған 60-қа жуық ұстаздардың әрқайсысы өздерінің жүзден жүйрік екенін көрсетті. Қызу да тартысқа толы өткен спорттық ойындар тізбегі төмендегідей: тоғызқұмалақ, теннис, шахмат, воллейбол.

1,2 орынға ие болған әріптестеріміз финалға өтті. Жеңіске жеткен командаларды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға денсаулық тілеймін.

Білім беру қызметкерлерінің арасында осындай тамаша спорттық спартакиаданы, ойындарды жүйелі түрде өткізіп отыратын аудандық кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз!

Спорт – бейбітшілік елшісі! Бейбіт елде бейбіт өмір сүрейік!

 

Александровка орта жалпы білім беру мектебінің

Жастар кеңесінің мүшесі, қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Қаршыбек Айзада

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *