Аудандық жазғы ХІХ спартакиада өткізілуде

 Тереңкөл ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 29 наурызда білім қызметкерлері арасындағы аудандық

жазғы ХІХ спартакиада өткізілді. Спартакиадада  шахмат, асық ату, бес асық, оқ ату, волейбол спорт түрлері бойынша 27 білім беру мекемесінен 200 –ден аса қатысушы жиналды. Спартакиаданың басты мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру саласы қызметкерлерінің арасында дене шынықтыру — сауықтыру және спорттық жұмыстарды дамыту. Адам денсаулығының қымбаттылығын,спорттың өмір сүру үшін қажеттілігін түсіндіру.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтжамал Умарова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Әлеуметтік серіктестік жылына орай спартакиадалық жарыстар өткізіліп жатқан мектептерге: А.Н. Елгин атындағы №1 ЖОББМ, А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ, Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОББМ ұжымдарына алғысын білдіріп, аудандық кәсіподақ ұйымы атынан сыйлыққа волейбол добы мен тоғыз құмалақ тақтасын сыйлады.Спартакиада қорытындысы бойынша:

  1. Шахмат ойынынан ерлер арасында: 1-орынға Джумалинов А.Б., Трофимовка ЖОББМ, 2-орынға Ольков Г.В., Песчан №1ЖОББМ, 3-орынға Тургульдинов Ж.М., А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ ие болды.
  2. Шахматтан әйелдер арасында: 1-орынға Сурумбетова М. К., Львовка ЖОББМ, 2-орынға Кудайбергенова С.М., Осьмерыжск НМ, 3-орынға Камиева А.С., А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ ие болды.
  3. Асық ату бойынша: 1- орынға Сабит Н., Осьмерыжск НМ, 2-орынға Алибаев Г.М., Байқоныс ЖОББМ, 3-орынға Джексенбаев Н., Песчан №2 ЖОББМ ие болды.
  4. Бес асық бойынша: 1-орынға Тоендыкова А.Е., А.Н.Елгин атындағы №1 ЖОББМ, 2-орынға Игликова Н.Н., Березовка ЖОББМ, 3-орынға Баталова А.С. А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ ие болды.
  5. Оқ ату бойынша ерлер арасында: 1-орынға Даулетпаев М.К., Береговой ЖОББМ, 2-орынға Абиев Н.Т., А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ, 3-орынға Рамазанов А.А., Байқоныс ЖОББМ ие болды.
  6. Оқ ату бойынша әйелдер арасында: 1-орынға Мельникова Л.Р., Калиновка ЖОББМ, 2-орынға Айтпаева О.Е., А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ, 3-орынға Алипова Н.Т., Песчан №2 ЖОББМ ие болды.
  7. Негізгі мектептер, қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелер арасында волейбол жарыстарының қорытындысы бойынша:

1-орынға Ынталы негізгі мектебінің командасы, 2- орынға Оқушылар үйінің командасы, 3-орынға Зеленная роща негізгі мектебінің командасы ие болды. Жеңімпаздар грамоталармен және акшалай сыйлықпен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Спартакиада 2 сәуірде жалғастырылады, бұл күні жалпы орта білім беру мектеп командалары арасында волейболдан жарыстар өткізіледі және барлық ойындар қорытындысы бойынша жалпы командалық қорытынды шығарылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Тереңкөл аудандық білім қызметкерлері

кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Умарова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *