Аудандық кәсіподақ жастар форумы

 2021 жылдың қараша айының 17-і «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне қарасты Жастар кеңесінің төрайымы Абильдинова А.Е., облыстық Жастар кеңесінің мүшесі Теміржанов Н.Т іс-сапармен Май ауданына барды. Мақсат: аудандағы білім беру саласы кәсіптік одағының жанындағы Жастар кеңесінің жұмысын бақылау, кеңестің құрамындағы жас педагогтермен кездесу, облыстық Жастар кеңесінің белсенді мүшелері ретінде оларды толғандырып жүрген сұрақтарын талқылау, әріптес жастарға құқықтық бағдар беру,  кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылған іс-шара, жобалармен таныстыру, пікір алысу, ой бөлісу. Шараға ауданның бірнеше ауылдарының жас мамандары қатысты. Ауданның бетке ұстар мектептерінің бірі әрі бірегейі Малайсары мектебінде өткізілген шарада жастарға мектептің жетістіктері, жүйелі жұмысы, оқушылардың шебер өнерлері таныстырылып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аудандағы жастарға бағытталған іс-шаралар туралы ішкі саясат бөлімінің маманы, Жастар кеңесінің жұмысы туралы аудандық кеңес төрағасы Сырымбет Нұрболат  баянды.

Облыстық Жастар кеңесінің мүшелері өз кезегінде, кәсіподақтың жас педагогтерді қолдау,  талантты, шығармашыл жас педагогтерді ынталандыру, жас көшбасшыларды қалыптастырудағы салалық кәсіподақтың рөлі, әрқайсысының өміріндегі кәсіподақтың мәні, маңызы туралы терең ой қозғады. Сонымен қатар, жас мамандарға Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан ұйымдастырылған «30 еңбек елшісі», облыстық «KASIPODAQжаSTAR» жобасы жайлы кеңірек ақпарат берді. Аудандық Жастар кеңесінің төрағасына алдағы жылға жоспар құрауда ескерілетін жайыттарға назар аудартылып, ұсыныстар білдірілді.

Шараның өң бойы мектеп басшысы Жетыбаева Анар Ахметқызы жастармен қатар жүріп, өз жеке бас қабілеттері, ерекше басшылық қасиетімен жиналған жас педагогтерге үлгі бола білді.

 

Айнұр Еркінқызы Абильдинова

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты  Жастар кеңесінің төрайымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *