Баянауыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жылдық есебі.

Қаңтар айының алғашқы аптасында  Ш.Айманов атындағы мектепте Баянауыл ауданының  білім қызметкерлерінің кәсіподағының ХV есеп беру сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Павлодар облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гульбарам Науразбаева, Баянауыл ауданы білім бөлімінің басшысы  Асылхан Мүбәрак, аудандық мәслихаттың депутаты Дастан Серікбай.

Делегаттардың назарына 2014-2018 аралығындағы аудандық кәсіподақ кеңесінің есебі, ревизиялық комиссияның есебі, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымын сайлау, аудандық кәсіподақ кеңесін сайлау, аудандық кәсіподақ ұйымының бақылау-ревизиялық комиссиясын сайлау мәселелері ұсынылды. 2014-2018 жылдар аралығында аудандық кәсіподақ кеңесінің есебі жөнінде аудандық кәсіподақ ұйымының  төрайымы Айнагүл Жанатқызы кәсіподақтың рөлі мен мақсатын, жылдық ұйымдастырылып өткізілген жұмыстардың қорытынды есебін, жұмсалған қаржы шығындары туралы толықтай айтып өтті.

Аудандық кәсіподақ ұйымының ревизия мүшесі Айнагүл Шомакова Баянауыл аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ревизиялық комиссиясының жұмысы жөнінде баяндама жасады. Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының техникалық инспекторы Оразбай Жанайдаров және  С.Торайғыров атындағы мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Алдабергенова 2018 жыл ішіндегі  мектепте жүргізілген жұмыстар жайлы есеп берді. Аудандық кәсіподақ ұйымының жастар ұйымының төрағасы, жас маман Орал Нүркен 2018 жылы жас мамандардың жетістіктерін ескеріп, жастар атынан  ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге дайын екенін айтты.

Білім бөлімінің басшысы Асылхан Мүбәрак білім саласында педагогтың мәртебесі бекітіліп, жас мамандар мәселесіне байланысты көптеген істер жасалғанын, өткен жылдарға қарағанда жағдайдың біршама өзгергенін, әйтсе де жас мамандардың, оның ішінде орыс тілі, математика, физика пәндерінің мамандарының қажеттілігін атап өтті. 2018 жылда кәсіподақ ұйымының жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, алдағы уақытта үлкен мақсат-міндеттер қойып, жүзеге асырылу жолында  жұмыс атқаратындарын айтты.

Есеп беру жиналысының барысында делегаттардың сайлау нәтижелері бойынша кәсіподақ ұйымының жаңа мүшелері қабылданды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы лауазымына Айнагүл Нығметова қайта сайланып, Кеңес мүшесі болып қабылданды.

Төртжылдық жұмысымыздың нәтижесіне көз жүгіртсек бірталай оң өзгерістер болды. Білім саласы қызметкерлерінің, ұстаздарының құқықтарын, мүдделерін қорғау мәселесіне ерекше назар аудардық, — деп Гүлбарам Ауезханқызы сөз сөйледі.

Конференцияның  соңында үздік кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділер облыстық кәсіподақ ұйымының грамоталарымен марапатталды.

 

 

                                            А.Ж.Ныгметова   —    Баянауыл аудандық білім   

                                                                       қызметкерлері  кәсіподақ ұйымының төрайымы   

                        

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *