4 ақпан күні «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Гүлбарам Ауезханқызы Науразбаеваның төрағалығымен Аққулы ауданының білім мекемелерімен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесу барысында жаңа нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолдану туралы сұрақтар қарастырылды. Гүлбарам Ауезханқызы өз сөзінде сала қызметкерлерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін атап өтті.
Білім беру ұйымдарында аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында семинарлар өткізу, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларымен танысу ықтимал шиеленіс жағдайлары мен қауіп-қатерлерінің алдын алудың қажетті және уақтылы профилактикалық шарасы болып табылады.
Семинар барысында Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шиндлярская Гульсина Шайдуллақызы және Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы түсінікті де қолжетімді түсініктеме берді.
Шиндлярская Г.Ш. өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы лауазымдарды атқаратын педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттау қағидалары мен шарттарына, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша бiлiм беру және арнайы оқу жоспарлары, бiлiм және ғылым саласындағы басқа да мемлекеттiк қызметшiлер.
Сонымен қатар, семинар тренері, қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Джаркенова Гүлшат Оралқызы өз сөзінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары ротациялану кезіндегі еңбек қатынастарын ресімдеудің негізгі қағидаларын да түсіндірді.
Осындай ауқымды да пайдалы семинарға Аққулы ауданының білім беру ұйымдарының басшылары – кәсіподақтардың әлеуметтік серіктестері, БПҰ төрағалары, мұғалімдерді аттестациялауға жауапты мектеп директорларының орынбасарлары белсене қатысып, мұғалімдердің, өздері, әріптестері үшін де маңызды сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
«Аққулы аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы Әсем Оспанова