Бірге болсақ талай асудан өтеміз

Кәсіподақ ұйымдарының маңызы сонау кеңес одағы құрылғалы бері баршаға мәлім. Өйткені еңбекші қауымның жоғын жоқтап,жұмыс берушінің озбырлығынан, әділетсіз әрекеттерінен   қорғайтын еркін құрылымның бірі осы- Кәсіподақтар ұйымы болып келген. Қазіргі кезде әлеуметтік жағдайлар өзгеріп, кейбір өнеркәсіп орындарында кәсіподақтар жоқтың қасы, неге десеңіз бұл жұмыс орындары біртіндеп  жеке меншікке көшті.Жеке меншік иесі қандай шешім қабылдаса да өз еркі. Жұмысшыларды қорғайтын қауым жоқ, және де меншік иесіне өз мүддесіне кедергі болатын қауымның болғаны да қажет емес.Ал, мемлекеттік мекемелерде қай саланы алып қарасақ та кәсіподақтар ұйымы өз жұмыстарын жақсы атқарып отыр.Медицина қызметкерлерімен кездескенде олар өзкәсіподақтарын мақтап жетістіктерін айтып, қай кезде болмасын көмек ала алатындарын,кәсіподақтарына сеніммен қарайтынын айтып жатқанда мен де марқайып қалдым. Өйткені біздің Білім және Ғылым саласындағы  кәсіпорынның маңызы медицина саласындағы кәсіпорынның дәрежесінен де жоғары екендігіне көзім әбден жетті. Неге десеңіз,жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы талай мәселелерді жұмысшының игілігіне шешіп,кейбір басшылардың сөлекетсіз іс әрекеттерін әшкерелеп ,еңбек заңының бұрмалануына жол бермей бір арнаға қойып отыратын біздің кәсіподақ ұйымына алғысым мен сүйіспеншілігім арта түсіп отыр.Қандай қиындықтармен кездессе де оны жеңіп,дәстүрлі әдістермен заң жобаларын  қолданып, әлеуметтік серіктестермен  бірігіп білім саласына қатысты талай мәселелерді шешіп келісім шартқа отырып түйіндеді. Ол да оңайлықпен келген жоқ. Талай рет құзырлы мекемелердің есігін қағып, білім қызметкерлерінің мұңы мен мұқтажын жеткізіп барлық мәселелерді шешіп отырғанын білеміз. Ол мәселелердің бірі білім еңбеккерлері- мұғалімдердің емделуге берілетін өтемақы мәселесі.Егер дәл уақытында кәсіподақ ұйымы қолға алмаған болса одан құр алақан қалушы едік. Ол мәселе өте ерекше түрде шешілді.

Кәсіподақ ұйымдарының ең басты жетістіктерінің бірі міне- талайдан бері ұстаздардың көкейін тесіп жүрген Ұстаз мәртебесі. Өйткені кейінгі кезде оқушылардың, ата-аналардың ұстазға деген көзқарасы мен қарым қатынасы төмендеп кетті.Төмендету мен қорлау фактілері де жиілеп кеткендіктен Кәсіподақ ұйымдары бұл мәселені қолға алып құзыреті жоғары мекемелердің басшыларымен кездесіп, неше жыл шешілмей жүрген мәселені де оңтайлы түрде шешіп берді. Міне қазыр біз көкірегімізді керіп демалып, ия біз ұстаз деген мәртебелі қауымның білім маманымыз мақтанышпен айта аламыз.   Мен кәсіподақ ұйымына алғысымды айтамын.  Қандай күрделі іс болса шешуге көмекке  облыстық білім беру кәсіподағы аппаратының мамандары кеңестерін беруге және шешуге көмек көрсететуге дайын.

Кәсіподақсыз кім біздің жоғымызды жоқтайды, кім бізді қорғайды деп кейде ойға қалып, қандай тамаша, біздің қорғанышымыз да қолдаушымыз да осы біздің кәсіподақтар ұйымы соның арқасында біз мәртебеміз жоғарылады, оған қоса сана сезіміміз де жоғарылады деп сенемін.Сондықтан да ардақты әріптестер бірге болып, бір бірімізді қорғайық, қолдайық.

Қорғайтын кезде ғана есімізге алмай қолдайтын кезде де ескеріп отырған жөн. Бірге болсақ талай асудан өтіп, талай істі өткереміз.

Өсер елдің баласы бір бірін батыр дейді!

 

Аскапова Анар Кенесарықызы,  «Павлодар техникалық сервис колледжі» арнайы пәндер оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *