Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының «30 Еңбек елшісі» жобасының белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары салалық кәсіподақ басшысы А.М.Мұқашевамен кездесті

Салалық кәсіподақ басшысы жеңімпаздарды құттықтап, кәсіподақ жобасына қатысып, белсенділік танытқаны үшін жас көшбасшыларға шынайы ықыласпен алғыс айтты.

«30 Еңбек елшісі «республикалық жастар жобасына Қазақстанның 12 өңірінен 15 Салалық кәсіподақтар өкілдері қатысты (барлығы 200-ге жуық адам). Салалық білім кәсіподағынан жобаға қатысуға 76 адам өтініш берген. Нәтижесінде жеңімпаз боп танылған 30 адамның 6-ы Салалық кәсіподақ мүшелері. Жеңімпаздардың бірі  Павлодар қаласы #43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, облыстық білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты  Жастар кеңесінің төрайымы   А.Е.Абильдинова.

Кездесу барысында «Ұлт болашағы, өркениет өзегіне жауапты тұтас жүйе – білім және ғылым саласын дамытумен бірге Сіздер елімізде кәсіподақтар қозғалысының Жастар қанатын нығайтуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрамындағы ең үлкен Салалық ұйым — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдары  мен кәсіподақ мүшелері аталған жобаға белсенді қатысып, 6 әріптесіміздің жеңімпаз боп танылғаны біз үшін мақтаныш», — деді А.Мұқашева.

Өз кезегінде кәсіподақ белсенділері жас кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын қолдауға арналған «30 Еңбек елшісі» жобасының өзектілігін атап өтті.  Жобаға қатысуда қолдау білдірген Салалық кәсіподақ ұйымына алғыс білдіріп, ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.

Кездесу соңында А.Мұқашева кәсіподақ жобасына белсенді қатысқандар мен жоба жеңімпаздарына Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен ақшалай сыйақыларын табыстады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *