Екі ел арасындағы тәжірибе алмасу – білікті, жан-жақты маманды қалыптастыру құралы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы мен Новосібір облыстық ұйымдарының екі жақты келісімі бойынша бірнеше жылдан бері бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай жұмыстардың бірі – «Кәсіподақтық ЗАИМка». Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың ақпан айының 15-17 аралығында Ресей Федерациясының Новосібір облысы Бердск қаласының аумағындағы «Лесная сказка» демалыс орнында өткізілді. Шара білім саласындағы жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тілдік қатынас қабілетін дамытуға, кәсіподақ мүшелерінің корпаративтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Алғашқы екі күн кәсіби біліктілікті арттыруға, пәндер бойынша сабақ берудегі озық техноголияларға арналды. Жастармен педагогикалық сайыстар жеңімпаздарының ассоциациясы жұмыс жасады. Ассоцияция құрамындағы түрлі ғылым салаларының мамандары мен әдіскерлер келесі тақырыптар бойынша жұмыс алаңын құрды: «Цифрлы мектеп», «Блогерлік жас буынмен қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде», «Мұғалім сайты арқылы тәжірибені жалпылау» және орыс тілі, ағылшын тілі, география, физика сияқты пәндер бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Сонымен қатар, шара барысында жастар еңбек шарты, өз құқықтары мен міндеттері жайында ақпарат алып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Бұл шарада екі елдің еңбек шарттарын салыстыруға мүмкіндік болды. Белсенді жастар әр ел шартының артықшылықтары мен кемшіліктерін бірден анықтап, өз ойларымен бөлісті.

Қазақстан атынан облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Арынова А.Ф., Павлодар қаласы №43 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильдинова А.Е., Павлодар ауданы жастар кеңесінің төрағасы, Шақат жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Карпеченко Д.Н., Аққулы ауданы жастар кеңесінің төрағасы, Жамбыл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Вахитов И.И. қатысты. Еліміздің атынан барған жастар «Ұлы қазақ даласының аңыздары» тақырыбы төңірегінде ұлттық нақыштаны өрнекті ою, «Асық ату», «Қара жорға» биінің тарихы жайында сыр шертіп, тәжірибе түрінде көрсетті. Көрші елдің жастары барлық шеберлік сабақтарға белсене атсалысып, өздерінің таңқалыстары мен қызығушылықтарын жасырған жоқ. Тіпті, Омбы облысынан келген маман біздің елдің жастарына дән риза болып, алдағы уақытта өткізілетін іс-шараға Қазақстан делегациясын шақырды. Бұл жастардың мойындарына жүктелген міндетті абыроймен ақтап шыққанының белгісі.

   Павлодар қаласы №43 ЖОББМ мұғалімі

Абильдинова А.Е.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *