Мұғалім – мектептің жүрегі, қоғамның тірегі
Тамыз. Санаулы күндерден кейін қоңырау соғылып, №8 орта мектептің оқушылары орындарына жайғасып, ерекше мектеп атмосферасына енеді. Барлығы мектеп ұжымының көңілінен шығады, бәрі де басты мақсатқа бағынады: балалардың оқуы мен демалуы үшін тамаша жағдай жасалуы. Мектептің барлық істерінің басты шабыттандырушысы, ұжымның шығармашылық тәлімгері, оның жан дүниесі – директор Слушаш Нургалиевна Бещембаева. Оның табысқа деген сенімі әрқайсысыноптимизммен қуаттандырады, өз ісіне сенуге бағыттайды. Ол мектеп қабырғасынан мұғалім болуды, сыныптастарына көмектесуді, өзін ересек мұғалім ретінде көрсетуді армандады және арманы іске асты. 1987 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдады. 1995 жылы Бещембаева С.Н. отбасымен Ермак қаласына қоныс аударып, болашақ өмірін №8 орта мектеппен байланыстырып, ол жерде жай ғана ұстаз емес, нағыз кәсіпқой, біліктілігін, педагогикалық талантын үздіксіз арттырып отырды. 2003 жылдан бастап осы мектепте директордың тәжірибелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ол 12 жылдық білім беру бойынша эксперименттің бастауында тұрды, экспериментатор-педагогтардың облыстық шығармашылық тобының мүшесі болды. Облыстық, қалалық конференцияларда бірнеше рет өз тәжірибесімен бөлісті. «Шекарасыз оқу» атты халықаралық жобасының мүшесі болды. Кредиттік технологияны апробациялау мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда мақалалар жариялады. Жүргізілген инновациялық қызметі үшін ПҚ ИПК Құрмет грамотасымен марапатталды. Көптеген облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп ұстаздары әрқашан түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жеңімпаздар және жүлдегерлер атағына ие болады. Слушаш Нургалиевна 2016 жылы мектеп директоры болып тағайындалды. 35 жылдан астам педагогикалық қызметі артта қалды. Ұстаздық, кейін директорлық тағдырына осы бағыт көп пе, аз ба? Бәлкім, кез келген адам үшін бұл өмірдің жай ғана кезеңі емес, асығыс пен құлдырау, қуаныш пен қайғы, жеңіс пен сәтсіздікке толы ұзақ жол болса керек.Бірақ, бұл жылдар мектеп басшысы үшін нені білдіреді? Бұл бала тәрбиесіне, өзін-өзі жетілдіруге және біртұтас ұйымшыл ұжым қалыптастыруға бағытталған тұрақты және мақсатты жұмыс. Осы жылдар ішінде қала мен облыс мектептері арасында жетекші орын алатын оқу орны құрылды. Слушаш Нургалиевнаның еңбектерінің нәтижелері: Білім Министрлігінің «Алғыс хаты», Павлодар облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы, ИПК ПК грамотасы, білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі және кәсіби қызметтегі жоғары нәтижелері үшін Ы. Алтынсаринның төс белгісімен марапатталды. Слушаш Нургалиевна үшін ұстаздық сала – жай ғана қызмет емес, бұл шын мәнінде бүкіл тіршіліктің игі ісіне сіңірген зор қызметі.Үздік ұйымдастырушылық қабілеті, халық психологиясын білу оған ұстаздар қауымын ортақ мақсатпен баурап алуға көмектеседі. Слушаш Нургалиевнаның ерекшелігі – жаңалыққа деген жоғары сезімі. Оның қандай да бір өшпес инновациялық серпіні, жаңаны таңғажайып сезінуі , әртүрлі жағдайларда бұл жаңалықты қалай көруге болатынын біледі және әрқашан басқаларға көмектесуге дайын. Қызметіндегі қатал, ұстамды, талапшыл жан — сегіз немеренің аяулы әжесі, балаларының қамқор анасы, жайлы үйдің қонақжай иесі, инабатты келін, ілтипатты жар. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің тиімді дамуы Слушаш Нургалиевна Бещембаева сынды кәсіби деңгейі жоғары тұлғаларға ғана байланысты екеніне ешкім шүбә келтірмейді.
Павлодар облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі