Қаңтардың 23-і күні Елбасының қатысуымен өткен келелі кеңесте 2019 жыл – Жастар жылы деп бекітілді. Аталмыш жыл жалынды жастардың жаңа белестерді бағындыруға талаптарын қанаттандырады деп білемін. Бұл жиында мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен кәсібін дөңгелетіп жүрген, әр түрлі салада зор жетістікке жеткен, өнер шыңын бағындырған жастар сөз сөйледі, олар өз кезегінде өз саласы жайлы мағлұмат беріп, жобасын таныстырып, нақты ұсыныстар жасады. Мысалы жас кәсіпкерлерге бөлінетін гранттар саны жөнінде. Президент те бұл ұсынысты қолдап, жас кәсіпкерлерге бөлінетін гранттар санын 2 есеге арттыратынын мәлім етті. Бұдан бөлек, тарих, тәрбие, отбасы, қарым-қатынас, әлемдік қауымдастық жөнінде сөз қозғап, жастарға бағыт-бағдар берді.
Жалпы, өзіме бұл жиын көңілден шықты. Себебі, қоғамның да, тың идеялардың негізгі қозғаушы күші – жастар. Ал оларға қолдау, қошеметтеу, жол нұсқау ауадай қажет.
Рысбек Ахметов, Акишман ЖОББМ
Май ауданы