Жас педагогтің бейімделуіндегі мәселелер, оларды шешу жолдары

 

«Жас педагогтің бейімделуіндегі мәселелер, оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Open Space форматындағы онлайн кездесу қазан айының 21-і күні өз жалғасын тапты. Осы жолы ой-пікірлер алаңында Аққулы, Баянауыл, Павлодар, Май, Тереңкөл, Успен, Железин аудандарының жас педагогтері бас қосты. Әр ауданнан еңбек өтілі 1 жылға дейінгі және 5 жылға дейінгі 2 жас маманнан сөз сөйлеп, ауылдағы жас педагогтің бейімделуіндегі мәселелер туралы сөз қозғады.

Жас педагогтің бейімделуінде түрлі кедергілердің болуы заңды. Атап айтсақ, жас маманның ұстанымы, жаңа орта, жаңа өмір баспалдағындағы өзіндік заңдылыққа бой үйрету, сынып оқушыларымен тіл табу, әріптестермен қарым-қатынасқа түсу, ортақ тіл табу, мамандықтың жаңа қырларын тану, әріптестер ортасында өзіндік орын табу, оқыдудың әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану, жалпы әлеуметтік жағдай, құқықтық тұрғыдан туындайтын сұрақтарды шешу және т.б. Жас мамандар кәсіподақ тарапынан жасалған көмек, жұмыс жайы және мемлекеттік бағдарламалар туралы ауқымды ақпаратпен бөлісті. Ал облыстық Жастар кеңесі және «KASIPODAQжаSTAR» жобасының жеңімпаздары тарапынан кеңес жұмысы жайлы шағын танымдық ақпарат берілді.

Облыстық Жастар кеңесінің төрағасы Абильдинова А.Е.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *