16 желтоқсан ұлтымыздың ұлы тойы — Тәуелсіздік күніне орай Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде облыстық футзал турнирі өткізілді. Аталмыш сайыс жақсы дәстүрге айналып, осымен 5 мәрте өтіп отыр. Жыл сайын жарыс көркін қыздыратын жас командалардын басым көпшілігін атап өтуге болады. Тартысқа толы өткен жарыстың жеңімпаздары Ақсу қаласының № 2 жалпы орта мектебінің оқытушылары мен тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз. Екінші орын Торайғыров Университеті колледжінің студенттеріне бұйырса, үшінші орынды Облыстық жастар кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік қызметшілерден құралған «УВР-МСО» командасы қанжығаларына байлады. Жарыс қатысушыларының сұрауы бойынша алдағы 2020 жылғы қаңтар айынан бастап «Футзалдан облыстық IV Студенттік-жастар лигасы» жалғасын табатын болады. Аталмыш лигаға облысымыздың мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері мен мектептің оқытушыларын қатысу алуға шақырамыз. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!