«Менің кәсіподағым»,посвященный 100летию Профсоюза отрасли номинация «Профсоюз помог»

1 место

«Менің кәсіподағым»,

посвященный 100летию Профсоюза отрасли

номинация «Профсоюз помог»

  Жаксылыкова Толкын Каирбекқызы,

 қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

«Қалқаман ауылының орта мектебі» КММ,

Ақсу қаласының білім беру бөлімі

«Кәсіподақтың көмегі»

Қарапайым еңбек адамына түсер қиындықты жеңілдетуге еңбек заңдылықтарының сақталуын бақылауды, кәсіподақ мүшелеріне материалдық-моральдық қолдау көрсетуде кәсіподақтың атқарар жүгі көп. Адамзаттың басына қандай қиындық туғанына қарамастан, қәсіподақ өз міндеттерін мінсіз атқарады. Осындай ерекше адамдар біздің өмірімізді біршама жеңілдетеді. Бұл қоғамдық ұйым-жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры. Еңбек адамдарының арасында болып кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден-бір орын.

Бүгінгі таңда кәсіподақтың қоғамдағы рөлі қандай? Кәсіподақ қызметінің әлі болуы тиіс пе? Еңбек адамдарының жағдайы әртүрлі болады. Кейде оларға медициналық көмек немесе жақсы демалыс керек. Алайда, кәсіподақтың мүмкіндіктері осы жерде шектеліп қалмайды. Кәсіподақ қызметінің басты мақсаты-адамның құқығын және мүддесін қорғау. Олар барынша жұмыскерлердің жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеді. Менің ойымша, қәсіподақ осы күнге дейін өз қызметін жақсы атқарып келе жатыр.

Мысал келтірсем, Ақсу қаласы, Қалқаман ауылының бұрынғы директор лауазымын жұмысын атқарған Солтанхан Арыстанбек қатерлі ісік ауруына шалдығады. Біле білсеңіздер, ол ауру тез емделмейді. Оны білген мектеп кәсіподақтары, қаражат жинауға кіріседі. Павлодар облысының облыстық кәсіподағы 300 000 теңге, Ақсу кәсіподағы 200 000 теңге, Ақсу өңірінің мектеп мұғалімдерінің ұжымдары 7 млн теңге көлемінде көмек көрсетті. Қалқаман, Береке, Достық ауылдарынан достары, көршілері Солтанхан Арыстанбектің емделуіне жарияланған жиынға жауап берді, жалпы сомасы шамамен 15 млн теңге жиналды. Олар қысқа мерзімде үлкен сомма көлемін жинайды.

 Бүкіл кәсіподақ мүшелері осы жаман дертті жеңу үшін барынша атсалысады. Қажетті қаражатты жинап болғаннан кейін Арыстанбек мұғалім ем алуға Түркияға жол тартады. Кәсіподақ қаражат жағынан ғана емес, моральдық қолдауды да жақсы көрсеткен еді. Арыстанбек мұғалім ем алып өз еліне аман есен оралды.

2022 жылы отбасында қызы дүниеге келді. Арысытанбек мұғалім таудай үш ұлының тірегі, бір аяулы қызының ардақты әкесі және жұбайы Маржангүл мұғалімнің адал жары. 2020 жылы ол өкпе қатерлі ісігінің 4 сатысын емдеді. 2021-2023 жылдар аралығында ремиссия басталып, Екібастұз қаласының 36 мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, толыққанды өмір сүрді.  Арыстанбек 4 баланың әкесі.

Қазіргі уақытта отбасы тағы да қиын жағдайда, Арыстанбектің миында метостаз бар . Ісік өседі және оны емдеу мүмкін емес. Арыстанбек үйде, жұмыс істемейді, күтім мен емдеу үйде жүргізіледі. Әйелі Серхан Маржангүл Арыстанбекке аман болып қалуын, сауығып кетуді тілейді.

Міне, осылай қарапайым адамдардың өмірінде қандай сынақтар болмайды. Олар кез келген уақытта өмірін өзгертуі мүмкін. Осындай жағдайларда біз дайын болуымыз тиіс. Сол үшін кәсіподақ кез келген жұмыс орнында болуы маңызды.

Қорытындылай келе, кәсіподақ тұжырымдамасында айтылғандай, қоғамның басты құндылығы ол – еңбек адамы. Еңбек адамы нағыз жоғары құрметке ие. Ал кәсіподақтың алдында тұрған басты мақсат – жұмысшыларға жайлы еңбек жағдайын туғызу. Кәсіподақтың құндылығын, қоғамға деген маңыздылығын түсініп,өзіме түйіп алдым. Болашақта кәсіподақ жаңа қырларынан көрінеді деген ойдамын.

2 место

Майманова Гульдара Балтабековна

учитель английского языка

Майский район, КГУ «Каратерекская средняя

общеобразовательная школа»,  

  «Профсоюз помог»

Описание к стихотворению

19 ноября 2023 года на территории Павлодарской области бушевал ураганный ветер, который срывал и разрушал фасады и крыши некоторых государственных учреждении, а также частных домов. В селе Каратерек ураганный ветер полностью снес кровлю дома технического работника Каратерекской средней школы Тулебаевой Жанны.

Тулебаева Жанна является членом профсоюза, состоит в активе профсоюза. Одна воспитывает двоих несовершеннолетних детей   и является временным опекуном двоих несовершеннолетних внуков. Подсобного хозяйства не имеет. Дополнительного дохода нет.

На следующий день после ураганного ветра, Тулебаева Жанна обратилась в акимат села, где ее направили в ЧС. Там она написала заявление на материальную помощь, но до сих пор материальная помощь так и не оказана, так как владельцем пострадавшего дома Тулебаева Жанна не является. 

Коллектив Каратерекской средней школы принял решение оказать материальную помощь от профсоюза пострадавшему работнику в сумме 100000 тенге. На эти деньги были куплены строительные материалы. Мужская половина коллектива самостоятельно произвели ремонт кровли дома.

Тулебаева Жанна благодарна профсоюзу и рада, что является членом профсоюза.

В единстве сила профсоюза

Был ветер, ураганный, сильный.

И завывал он, дерзкий, пыльный.

Качалось всё вокруг устало,

Вдруг крыши в доме том не стало.

Детишки плакали, рыдали.

Дрожали, маму обнимали.

А мать держалась стойко, ведь

За детей держать ответ.

Но что же делать, как же быть?

Без крыши как же нам прожить?

Ведь осень уж, скоро зима,

Как разгребу я всё сама?

И ночь та длилась бесконечно,

Не спала вовсе мать конечно.

Уж наконец рассвет настал,

Итог ветров врасплох застал.

Мать вышла посмотреть. О боже!

При детях плакать то не гоже.

А дети всё вздыхали томно.

И ветер выл всё еще злобно.

Ужасен был итог ночи:

Валялись балки, кирпичи.

И шифер весь слетел и пал,

Уныло на земле лежал.

С утра село уже проснулось,

Ущерб увидев, ужаснулось.

Не повезло, ну как же так!?

Ведь одиночка-мать итак.

Бюджет ее ведь очень мал,

Она всего техперсонал.

И нет скотины чтобы сдать,

Хоть как-то денюшку собрать.

Поохали и по домам,

Подумали, «ну что я дам?»

Одна осталась горевать,

Будет под снегом зимовать.

И тут, откуда не возьмись,

Наш доблестный профком примчись.

Даря надежду и искру,

Сказал как есть, на чистоту.

Поможет Профсоюз тебе,

В этой не легонькой судьбе.

Не унывай, и нос повыше,

Построим новенькую крышу.

Ты не одна, мы коллектив!

Надежный, мощный мы массив!

Окажем помощь, защитим!

Зиме обидеть не дадим!

И в тот же день пошла работа,

От профсоюза шла забота.

Деньги с профкома выделяли,

Стройматериалы закупали.

Мужчины наши с коллектива

Чинили крышу, что за диво!

И вот неделя не прошла,

Стояла новая крыша’.

Профсоюз благодарила.

И слезы радости всё лила.

«Мой профсоюз, спасибо Вам!

Все лавры только вам отдам!

В горе мне вы помощь дали,

Когда другие плечи жали.

Профсоюзу благодарна,

Вы есть и это так отрадно!»

Профсоюз – мы сила, мощь!

Всегда спешим вам всем помочь.

В единстве сила профсоюза,

Это не лесть, это не муза.

Гарантия, надежность, право,

ПРОФСОЮЗУ БРАВО, БРАВО!!!

3 место

Таурбаева Динара Кабидоллаевна

Екібастұз қаласы №12 ЖОББМ, мұғалім 

«Кәсіподақтың көмегі»

  Прозалық әдеби жанрымды өзімнің өмірлік ұстанымымнан бастағым келеді. «Қолымнан келсе,әрқашан көмек көрсету»

Бала кезімнен алғаш «қайыршы» адамды көргенде,көкрегімде бір ғана сұрақ туындаған еді,неге адамзат бай мен кедей,мейірім мен зұлымдық,жақсы мен жаманнан тұрады деген ой мазалады.Сол күннен бастап қолымнан келсе, әр жақсы адамға көмек көрсетуге тайынбаймын.Ал енді әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың теңсіздігі ежелден келе жатқан үлкен мәселелердің бірі.Қай ғасырдан бастасақ та қай елді алмасақ та барлық жердің  жауабы жоқ, сұрақ.Біздің ұрпақ ХХІ  ғасырда өмір сүріп жатқан қауым «Аллаға» мың алғыс деп айту керек деп ойлаймын, себебі қазіргі барлық сала қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары күннен-күнге жақсарып келеді.Бұл өркениеттің қаншалықты дамығанын көрсетеді. Жыл сайын жүйелі түрде экономика дамып, халықтың жағдайы жақсарып келеді.Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға,білім беру саласына да өзгерістер еңгізіп, белсенді қатысып, келе жатқан қоғамдық күш-ол кәсіподақ.

   Кәсіподақтың негізгі бағыты: білім қызметкерлерінің мүддесін қорғау,өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, кәсіподақ мүшелерінің жағдайларын жасауға атсалысып жұмыс істейді. Жалпы кәсіподақ қоғамы 18 ғасырдың аяғынан пайда болды. Құрылған қоғам жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын,жалақысы,тұрмысы,мәдениеті,демалысы, тағы басқа мұқтаждары бар  салаларындағы мүдделерін қорғады. Бүгінгі таңда кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, басқа да заңдармен айқындалады.Ал енді қазіргі уақытта кәсіподақтың жұмысы қалай жүріп, қандай көмек көрсетіп жатқанын айтатын болсақ, әрине қазіргі нарық заманында кәсіподақтың басты мақсаты-өз мүшелерін әлеуметтік тұрғыда қолдау.Мен кәсіподақ төрайымы боп жұмыс жасағаныма бір жыл болған жоқ, бірақ аз уақыт ішінде жасалған жұмыс,көрсетілген көмек аз болған жоқ, адам бой илегінен өткізбей көп нәрсені түсінбейді екен, көзімізді жеткізбей немесе ауыз өзіміздікі деп не болса,соңы айтатыңбыз, ай сайын ақша ұстайды,қайда жібереді деген алып-қашпа сөздер көп болады.Мына аз уақыттың ішінде қаншама көмек көрсетіп,қуаныш сыйлаған сәттерде баршылық. Мен істейтін КММ қызметкерлеріне берілген баспана, ол жас отбасы үшін үлкен көмек,сізге үй берілді деп қуаныш сезімін білдіру,бір бақыт.Бір үй жас маманымызға бұйырса, ал енді екінші үй жалғыз басты,  екі бала тәрбиелеп отырған анаға,мектебіміздің кітапханашысына бұйырыпты.Одан басқа ауырып қалған жағдайда ,ұжымымызда қатерлі ісікпен ауыратын әріптестерімізде баршылық, өкінішке орай .Ол адамға көмек ретінде шипажайға жолдама беріп, демалысқа жіберу,ол да бір қолдау. Негізі қазақ айтады «жақсы адам жақсылығын айтпайды» деп,сондықтан көмек көрсетілген адамдардың аты-жөнін айтпауға жөн көрдім. Жалпы  шипажайға жіберіп жатқан әріптестеріміз біріншіден көмек ретінде болса, екіншіден ем -шипа ретінде, қолдау ретінде беріліп жатқан кәсіподақтын көмегі. Кәсіподақтың көмегі осымен шектелмейді, зейнеткерлерді жыл сайын марапаттап, оларға сыйлықтар беру де кәсіподақ арқылы жасалады,мерейтойларға байланысты құттықтау,қайтыс болғандарына байланысты көңіл айтулар,бата жасау, небір акциялар жүргізіліп отырады мысалы: «Мектепке жол» (дорога в школу) акциясы, онда көпбалалы отбасыға берілді, немесе нашар тұратын отбасыға көмек ретінде берілген ақшалай көмек көрсетілді.Мұғалімдер күні,жаңа жыл, наурыз секілді атаулы мерекелерде,іс-шараларда кәсіподақ қаржы бөліп, қаржылай көмек береді. Одан басқа да көмектер көрсетіліп жатады.Осындай көмектің арқасында кәсіподақ ұйымы ұжымның ауызбіршілігін нығайтып,жұмысқа деген қабілетін арттырады. Осы ұйымның арқасында ешқандай айтулы күн мен ешкім де елеусіз қалмайды . Нәтижесінде қызметкерлердің еңбегі бағаланып ,көңілі көтеріліп қалады.

   Прозалық әдеби жанрымды аяқтар алдында мынадай қорытынды айтқым келеді.

Қазақ халқым айтады «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп . Адамзат баласы бір-біріне қолдау,көмек көрсетіп, тірек бола білсе,әр күні қуанышты сәттерге толы болар еді. Адамның күні адаммен деген нақыл сөз осыдан шыққан болар.Міне кәсіподақтың да менің істеп жатқан ұжымыма көмегі аз болған жоқ,әрі қарай келешекте қуантатын сәттер көп болғай!Мына әдемі өлеңді кәсіподақ ұйымына тілегім келеді

Егемен ел түлегі,

Бейбіт өмір тілегі.

Еңбек етіп еліне,

Болған Отан тірегі.

Барша ұлттың ұланы,

Қазақстан тұрағы.

Өз мақсатын қорғауға,

Кәсіподақ құрады.

Кәсіподақ – қорғаушы,

Заңдылықты қолдаушы.

Әділдік пен теңдікке

Жол көрсетер бастаушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *