Павлодар облыстық білім беру саласының кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесінің төрайымы Абильдинова Айнур Еркінқызын республикалық Жастар кеңесі төрағасының орынбасары болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Павлодар облысында Жастар кеңесі 2014 жылы білім беру саласы қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Г.Ә.Наурызбаеваның бастамасымен құрылды. 6 жыл ішінде кәсіподақ ұйымының бұл бастамасы білім саласына қызмет істеуге келген жастарды құқықтық тұрғыдан шыңдай отыра, әр қайсысының өзіндік жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасады. Дәл осы мүмкіндіктердің арқасында қатардағы әріптесіміз, #43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Абильдинова өзін жақсы қырынан танытып қана қоймай, аймағымызда кәсіподақ тарапынан білім саласында еңбектеніп жүрген жас мамандарға арналған іс-шараларға белсенді ат салысып, негізгі жұмысымен қоса қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген жалынды жастардың бірі. Ел тыныштығы мен еңбек адамының құқығын жоғары қойған, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен осындай үлгі тұтар жастарымыз көп болсын! Кәсіподақ құрамындағы жастарға еңбекте табыс тілейміз.