Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының әлеуметтік әріптестігі

Әлеуметтік әріптестік жүйесі біздің елде негіз қалаушы қоғамдық институттардың бірі ретінде әрекет етеді, оның қызметі қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Аймақта әлеуметтік әріптестермен бірлесіп әзірленген Еңбек адамының мүдделерін сақтау бойынша өзара әрекеттесу жүйесі өз жұмысын жалғастырып келеді, облыс білім беру ұйымдары қызметкерлері үшін заңда көзделген кепілдіктерді іске асырудың жаңа әдістер мен түрлері енгізілуде. 

Есепті кезеңде білім беру ұйымдары қызметкерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында қолданыстағы облыстық өңірлік келісімге біз бастама болып және білім беру басқармасы қолдау көрсетіп, төрт рет өзгеріс және толықтыру енгізілді, бұл ТжКБ ұйымдарының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерг еннен кейін және пандемия, ТЖ және жөндеу науқандары кезінде уақытша мәжбүрлі тоқтап қалу барысында қызметкерлердің материалдық жағдайының нашарлап кетпеуіне мүмкіндік берді.

Тұрақты негізде білім беру басқармасымен бірлесіп, келісім талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіледі, оның қорытындылары Кеңестің, атқару комитетінің отырыстарында қаралады.

ҚБ біздің жүйенің әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің биліктің әр деңгейінде қаралуына бастамашылық етеді және осы түйіткілдерді шешуде қолдау табады.

Мәселен, біздің ұсынуымызбен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында мына мәселелер:

— Екібастұз өңірінің, Павлодар және Баянауыл аудандарының педагог қызметкерлеріне коммуналдық шығыстар үшін шығындарды өтеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеу;

— БАИ-де өткізілетін облыстық курстарда біліктілікті арттыру барысында облыс педагогтеріне іссапар шығыстарын төлеу;

— білім беру мекемелері ғимаратының өзінде орналасқан қазандықтарды шығару мәселесі қаралды, 2022 жылғы 1 қаңтарға облыста барлық қазандықтар мектептерден тыс шығарылды.

Ұжымдық шартты жасасу – бұл сала қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік құқықтарының сақталуының, еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеудің сенімді кепілдігі екенін тәжірибе айғақтап  отыр.

Бүгінгі таңда біздің кәсіподақтың құрамына кіретін 586 білім беру ұйымы ұжымдық-шарттық жүйемен қамтылды, оның ішінде бірыңғай ұжымдық шартты жасасқан бастауыш кәсіподақ ұйымы — 125.

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылғы қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру және ұжымдық-шарттық науқанды өткізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу мақсатында Жамбыл облысына кәсіподақ көшбасшылары және әлеуметтік әріптестер тобын жөнелтті.

Делегация әріптестеріміздің тәжірибесін білім беру ұйымдарында кіріктіру мақсатында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары үшін бірыңғай ұжымдық шартты әзірлеуге және жасасуға мүдделі болды.

Бүгінде пилоттық жоба ретінде Екібастұз қаласында, Май, Шарбақты аудандарында 2024-2026 жылдарға арналған бірыңғай ұжымдық шартқа қол қойылды.

Бірыңғай ұжымдық шарттарда тараптармен келесідей кепілдіктер көзделген:

— әдістемелік жұмыстан оқытушылық әрекетке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады;

— оқытушылық әрекеттен әдістемелік жұмысқа ауысқан кезде пән бойынша бар біліктілік санат әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Біліктілік санатының қолданылу мерзімі өткен жағдайда жасына байланысты зейнетке дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған педагогтерге біліктілік санатын кезекті беруден (растаудан) босату туралы өтінішіне (еркін нысан) сәйкес оларда бар біліктілік санаттары зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жалғастырушы зейнеткерлік жастағы педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімі жалпы негізде жүргізіледі. Жалпы негізде біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.

Егер зейнеткерлік жастағы қызметкердің біліктілік санаты ұзартылмаған және (немесе) мерзімі ағымдағы оқу жылында қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткен кезде аяқталатын болса, онда бар біліктілік санатының қолданысы бір жылға ұзартылады.

Тараптар бухгалтерлерге, техникалық персоналға, жұмыскерлерге үнемделген қаражат есебінен (бар болған жағдайда) жалақының              75%-нан аспайтын ынталандырушы төлемдер жүргізуге келісті.

Павлодар облысында 1990 жылдардың соңынан бастап сондай-ақ фасеттік шарттарды (үш-, төрт-, алтыжақты) жасасу тәжірибесі қолға алынған.

Ұжымдық шарттың басты көрсеткіштерінің бірі — ол айқындайтын қызметкердің әлеуметтік пакетінің мөлшері.

Әлеуметтік әріптестер облыс білім беру мекемелерінің ұжымдық шарттарында көзделген кепілдіктерді жүзеге асыруда, олар:

— 2018 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қайта ұйымдастыру кезінде азаматтық қызметшілер үшін белгіленген кепілдіктерді сақтау,

— экологиялық аймақта тұратын қызметкерлерге экологиялық жәрдемақы төлеу және экологиялық демалыс беру;

— білім беру ұйымдарының штаттық кестесіне енбеген біліктілігі бар  жұмыскерлерге (жүргізушілерге, аспаздарға, электриктерге, кір жуу машиналары операторларына және т. б.) сауықтыру жәрдемақысын төлеу мәселесі шешілді;

мына:

— біліктілік қажет етілмейтін жұмыскерлерге (қызметтік үй-жайларды жинаушылар);

— кәсіподақ ұйымдарының жұмыстан босатылмаған төрағаларына;

— еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға;

— өндірістік кеңестер мүшелеріне және т.б. 6 күнге дейін;

мына:

—  мединицалық қызметкерлерге;

— кітапханашыларға;

— аудандық, қалалық (мектеп) әдістемелік бірлестіктердің, техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына;

— бас бухгалтерлерге, бухгалтерлерге 3 күнге дейін қосымша жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалыстары ұсынылады;

— білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлеріне медициналық тексеріп-қарауға ақша қаражаты бөлінеді.

Одан басқа, ұжымдық шарттарда қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін артықшылықтар тізбесі ескерілген, атап айтқанда: 

— көп балалы аналарға жазғы уақытта «Жан» демалыс үйінде баланы сауықтыру үшін бір тегін жолдама беріледі;

— 1 қыркүйекте көп балалы аналарға ақысы төленетін еңбек демалысына қосымша бүр күн беріледі;

— мүмкіндіктері шектелген балалары бар аналарға жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша ақылы күндер (3 күн) беріледі;

— техникалық персоналға (әйелдерге) қосымша ақылы күндер (6 күн) беріледі;

— нәрестені емізу үшін қосымша 1 сағат түскі ас беріледі;

— тамақтандыру үшін қажетті уақыт ұзақтығын ескере отырып, оқу кестесін құру;

— жүкті әйелдерді үстеме жұмыстарға жібермеу;

— мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды кезектен тыс беру;

— келесі санаттар: 3 жасқа дейінгі балалары бар әйел-қызмектерлермен; жүкті әйелдермен; 14 жасқа дейінгі балалары бар жалғызбасты аналармен; мүгедек балалары бар қызметкерлермен, ол балалар 18 жасқа толғанға дейін штатты қысқарту жөніндегі еңбек шартын бұзбау көзделген.

2022 жылдан бастап облыстық мәслихаттың шешімімен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдаухатымен осы әлеуметтік көмек алушылар тізіміне білім беру ұйымдарының кітапханашылары енді.

Одан басқа, кәсіподақ мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілердің де жұмыстарын жеңілдету үшін ұжымдық шарттарға  келесідей:

— жұмыс берушінің актілерін қабылдау және жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының уәжді пікірін ескеру тәртібі;

— жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының ережесі,

— ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары;

— жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы;

— жұмыстары қосымша демалысына және қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін зиянды еңбек жағдайындағы кәсіптер мен лауазымдардың тізімі;

— зиянды еңбек жағдайларына қосымша ақы белгіленетін жұмыс түрлері мен кәсіптер тізімі.

— мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу қағидалары;

— толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт;

— тегін арнайы киім, аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілетін кәсіптер мен лауазымдар тізбесі;

— білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы ереже.

— қызметкерлерге жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін беру нормалары, оларды беру талаптары.

— тегін сабын, жуу және залалсыздандыру құралдарын алуға құқық беретін жұмыстар мен кәсіптер тізбесі;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі келісім.

— білім және ғылым ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы ережелер әзірленді.

Білім қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу кәсіподақ үшін ең басты мәселе болып табылады. 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы білім беру қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіби өсуін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруға ықпал етті.

Осылайша, 2020 жылдан бастап мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің еңбегіне ақы төлеу екі есе артты, мұғалімдер жүктемесін азайту шаралары қабылданды, еңбекті,             сондай-ақ тынығу уақытын нормалау жүйесі әзірленді.

2021 жылдан бастап мектеп педагогтерінің жүктемесі 18 сағаттан  16 сағатқа азайды. 

Тәлімгерлік, магистр дәрежесі, сондай-ақ спорт секцияларын жүргізгені үшін, сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақылар енгізілді.

Ал 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жүргізетін есептілігі үш құжатқа дейін азайды.

Әлеуметтік серіктестер – білім беру басқармасы мен облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы — 2009 жылдан бастап жас мамандарды әлеуметтік қолдаудың келесі шараларын ұсынып отыр:

— «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда, оның арқасында әр маман тұрғын үйге жеңілдікпен несие – 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы ала алады;

— 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2500 АЕК-ке дейін, ауылдық елді мекендер үшін — 2000 АЕК-ке дейін ұлғайды.

Десек те, бүгінгі күнде техникалық жұмыскерлер мен жұмысшылардың жалақысы әлі де төмен деңгейде қалуда.  

Оған қоса, жалақының төмен болуы салдарынан бухгалтерлердің, экономистердің жұмыстан кетуі байқалып отыр.

Өңірлік келісімді іске асыру жөніндегі екіжақты комиссия — білім беру басқармасы мен облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы – бухгалтерлер мен экономистердің жалақысын көтеруге және техникалық персонал мен жұмысшыларға (күзетшілер, от жағушылар, вахтерлер, асхана жұмыскерлері, аула сыпырушылар және т.б.) сауықтыру жәрдемақысын төлеуге байланысты өңірлік келісімге толықтырулар енгізу шараларын қабылдауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *