Еңбек туралы заңнаманың бұзылуының және жанжалдардың алдын алу – бұл кәсіподақ қызметінің ерекше бағыты.
Есепті кезеңде келісу комиссияларының еңбек дауларын шешу, сондай-ақ еңбек келіспеушіліктері туындаған кезде тараптарды сотқа жеткізбей татуластыру қызметін жетілдіру бойынша елеулі жұмыс атқарылды.
Осы мақсатта 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы мамыр аралығында келісу комиссияларының 9 мыңнан астам мүшесі оқытылды. «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Еңбек дауын келісу комиссиясында шешу тәртібі» тақырыбы бойынша алған білімі облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы берген тиісті үлгідегі сертификатпен расталады.
Сонымен бірге, 2023 жылғы 18 мамырда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің ішкі құрылымына енетін білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелері үшін «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК базасында үйретуші Construct-семинарыөткізілді.
Construct-семинарға қатысушылар спикерлер келтірген мысалдарға сүйене отырып, қолдағы барды пайдаланып, ықтимал шешімдер арасынан түйткілдерді шешудің заңнамаға сай келетін тиімді, оңтайлы моделін қалай құруға болатынын талдады.
Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі туралы, еңбек дауларын шешу барысындағы медиацияның рөлі мен қолданылуы туралы, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы, еңбек дауларының туындау себептері туралы және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды құрудағы және кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтудағы кәсіподақ ұйымының рөлі туралы мәселелер талқыланған топтармен жұмыс семинардың практикалық бөлігінде жалғастырылды.
Construct-семинар жұмысына жұмыс берушілер мен қызметкерлерден барлығы 100-ден астам өкіл қатысты.
Осы уақыт ішінде кәсіподақ ұйымдарына 1844 кәсіподақ мүшесі жүгінген, оның ішінде 34-і — жазбаша өтініш. Олардың барлығы заңнамада белгіленген мерзімде қаралды, еңбек даулары сотқа дейінгі тәртіпте шешілді.
Жүргізілген талдау бұзылған құқықтардың елеулі бөлігі әлеуметтік жәрдемақыларды уақтылы төлемеуге әкеп соқтыратын әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды уақтылы аудармау салдарынан туындағанын көрсетті. Проблеманың тағы бір көрінісі — демалыс және сауықтыру жәрдемақыларын дұрыс есептемеу және себепсіз кешіктіру.
Білім беру мекемелерінің жекелеген басшыларының, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелерінің келісімдер мен ұжымдық шарттардың құқықтық мәртебесін және маңыздылығын түсінбеуі осы себептердің бірі болып табылады.
Есепті кезеңде бұзушылықтарға жол берілгені анықталды және 2688 қызметкердің құқығы қалпына келтірілді, 43 қызметкердің негізсіз қысқартылуы мен жұмыстан шығарылуына жол берілмеді.
Қоғамдық бақылау құқықтық қорғаудың аса тиімді және салмақты нысаны болып қала беруде. 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жыл аралығында қоғамдық бақылау шеңберіндееңбек заңнамасының орындалуына 821 тексеру жүргізілді:
— оның ішінде, еңбекке ақы төлеу бөлігінде – 269;
— жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі бойынша – 150;
— еңбек қатынастарын рәсімдеу бойынша – 262;
— өзге бұзушылықтар – 140.
Құқық қорғау жұмысының экономикалық тиімділігі қарымды ықпал ететін, оның ішінде кәсіподаққа мүше болуға ынталандыруда оның нәтижелілігін көрсететін неғұрлым пәрменді әрі айқын критерийлерінің бірі ретінде қабылданады.
Есепті кезеңде облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қызметінің экономикалық әсері 972527369 (тоғыз жүз жетпіс екі миллион бес жүз жиырма жеті мың үш жүз алпыс тоғыз) теңгені құрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Біздің өңірде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау жөніндегі біздің іс-қимылымызды айқындайтын НҚА-да ерекше орын алады.
Облыста білім ұйымдарының барлық қызметкерлері жылына бір рет жұмыс беруші есебінен мерзімді медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының он ауданының және ауылдық аймағының педагогтері коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 АЕК-тен (7384 теңге) 10 АЕК-ке (36920 теңге) дейінгі мөлшерде әлеуметтік қолдау алады. Алайда, өңірде көмірдің тонна үшін орташа құны – 22 000 теңге екенін ескерсек, онда мұндай қолдау жеткіліксіз. Сондықтан, коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы төлеу тетігін қайта қарау және осы мәселені реттейтін жалпы критерийді әзірлеу қажет.
Салалық келісулерде және ұжымдық шарттарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша шаралар кешені айқындалды.
Әлеуметтік әріптестердің және кәсіподақтардың бірлескен күшімен соңғы үш жылда қызметкерлер мен оқушылар үшін қауіп төндіретін 44 мектеп қазандығын жою проблемасы толық шешілді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді.
Бұл жұмысты 586 еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор және өндірістік кеңестердің 2724 мүшесі тиімді жүзеге асырады.
Осы санаттағы және кәсіподақ активіндегі оқыту және жұмыстарды үйлестіру біздің қоғамдық бірлестіктің осы маңызды бағыттағы қызметінің өзегін құрайды.
Соңғы жылдары бұл жұмыс тұрақты және жүйелі түрде жүргізілетінін айта кеткен жөн.
Әдетте, дәрістер, нұсқаулықтар, тренингтер сияқты оқытудың дәстүрлі түрлерімен қатар біз оқытудың жаңа инновациялық үлгілерін тәжірибеге енгіздік.
Соңғы уақытта қашықтан оқыту кеңінен таралып, қолданыла бастады. Бұл әсіресе пандемия кезінде кең етек жайды. Сол кезеңдегі жұмыстың қиындығы мен ауыртпашылығына қарамастан, ҚБ қашықтан оқытуға баса мән берді. Онлайн режимінде кәсіподақтың құқықтық қызметінің жұмысы және сала қызметкерлерін оқыту осындай ахуал барысында күшейе түсті. Алыстатылған жұмыс режимінде еңбек жағдайының қауіпсіздігі және еңбек қатынастарын реттеу басты назарда болды.
Қоғамдық бірлестік 3 бейнесабақ (пандемия жағдайындағы техникалық инспекторлар мен өндірістік кеңестердің жұмыс алгоритмі, пандемия кезінде БКҰ-ға арналған құқықтық жадынама, ҚТ ережелерін сақтау көзделген ұжымдық шарттар жасасу бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар) және 11 оқыту бейнеролик әзірледі, ал қалалық және аудандық филиалдар 40 бейнеролик дайындады.
ҚБ еңбекті қорғауда қолданатын заманауи онлайн технологиялар, ойын түріндегі технологиялар қызметкерлердің өндірістегі өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне саналы қарым-қатынасын қалыптастыруға және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ әр ұрпақ үшін оқыту түрлері әрбасқа және осы орайда геймификация оңтайлы шешім болып табылады.
Іскерлік ойын персонал тап болатын жағдайларды нақты модельдеуге мүмкіндік береді. Ойын түріндегі шешім – бұл шынайы жағдайларды пысықтау үшін, сонымен қатар қателіктерге қамсыз жол берудің қауіпсіз ортасы болып табылады. Ойын түріндегі шешім арқылы сантүрлі жазатайым оқиғалар мен апаттар модельденеді, сондай-ақ әрекеттер алгоритмі жасалып, талдау жүргізіледі. (Мысалы, ұйымдастыру және өткізу: Павлодар ауданындағы әріптестеріміз білгіштер байқауын өткізді, мұның мақсаты техникалық инспекторлар арасында құқықтық мәдениетті арттыру немесе Аққулы ауданында (дебат) пікірталас түрінде әріптестеріміздің интеллектуалдық-дискуссиялық кездесуі өте сәтті өтті).
Тереңкөл және Май аудандарында суреттер байқауы өтті, бұл әріптестеріміздің шығармашылық машықтарын көрсетумен қатар, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау бойынша белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қоғамдық бірлестікте «KASIPODAQ KERUEN» атты облыстық кәсіподақ жобасы тамаша іске асуда, оның аясында «Кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің» жұмысы ұйымдастырылды. Жұмыс барысында кәсіподақ мүшелерімен (мектеп директорлары, техникалық инспекторларымен, БКҰ төрағаларымен, қатардағы мұғалімдермен және білім беру мекемелерінің техникалық және қызмет көрсетуші персоналымен) «Бетпе-бет жүздесу» форматында кездесулер өтті.
Мәселен, Потанин ЖОМ-да техникалық персоналдың олардың функционалдық міндеттемелері бойынша және кезекті еңбек демалысына шығу кезінде асхана жұмыскеріне сауықтыру жәрдемақасын төлеу бойынша мәселелер оңынан шешілді.
Сала қызметкерлері үшін қашықтан (алыстан) режимінде тиімді жұмыс істеу әдісі ретінде мультимедиялық құралдар пайдаланылады. Осы ретте «Kasipodaq Digital» мобильді қосымшасы қолайлы көмекші бола алады. Электрондық-цифрлық платформаның жобалық қуаты әріптестер өз жұмысында жиі қолданатын ресурстарды: нормативтік-құқықтық базаны, оқыту нысандарын, роликтерді, сұрақ — жауаптарды және т. б. пайдалануға мүмкіндік береді:
Кәсіподақ активінің осы санатын оқыту және қызметтерін ынталандыру бойынша біздің жүргізген жұмысымыздың нәтижелері біздің Қоғамдық бірлестік осы маңызды бағыттағы өзінің стратегиясы мен тактикасын өте дұрыс айқындағанын дәлелдеп отыр.
Қауіпсіз еңбек жылы барысында іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қоғамдық бірлестік «Павлодар облысының білім беру ұйымдарындағы ақпараттық технологиялар және ЕҚжЕҚ» Flash-семинарын өткізді.
Семинар басында қатысушыларға «Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек» бейнеролигі көрсетілді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы – модератор Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы Flash-семинардың жұмысын ашты. Өз баяндамасында Гүлбарам Әуезханқызы білім және ғылым саласындағы ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, жұмыс берушілердің салауатты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын оңтайластыруы, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
«Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы – Айгүл Мақсатқызы Мұқашева семинарға online режимінде қатысып, салалық Кәсіподақ және ЕҚжЕҚ жұмысы туралы ақпаратпен егжей-тегжейлі бөлісті. Айгүл Мақсатқызы жиналғандар назарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ой тастап, сондай-ақ біздің күнделікті өмірімізде орын алатын күрделі әрі сындарлы мәселелерді шешу жолдарын сөз етті. Ол Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының білім беруді басқару органдарымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, прокуратурамен және өзге де мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара әрекеттесу жұмысын жоғары бағалады. Спикер облыста жыл сайын білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеретін ведомствоаралық комиссия құрылатынын айтып өтті.
Сондай-ақ, Қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Жаркенова семинар спикері болды. «Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасы» КМҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Әбілова Нүргүл Ғомарқызы және Шарбақты ауданының Сосновка ЖОББМ-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Белова Наталья Николаевна әлеуметтік серіктестердің міндеті және өндірістік кеңестің жұмысы қауіпсіз еңбектің кепілі ретінде қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын құрудағы өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға деген қызметкерлердің заңды құқықтары мен міндеттерін сақтауы, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету, техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында жыл сайын аудандар, қалалар, облыс деңгейінде «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық байқауы өткізіледі.
5 жыл бойғы байқауға қатысу нәтижелері:
— аудандық және қалалық деңгейлерде — 390 қатысушы;
– облыстық деңгейде — 38 адам;
– республикалық деңгейде – 11 адам.
Сондықтан, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларын осы салада алған білімдерін, меңгерген икемдері мен дағдыларын кеңейту әрі тереңдету мақсатында оларды құқықтық оқыту аса маңызды. Заңнамада өндірістік кәсіпорындарындағы сияқты оның ұсынымдарын міндетті түрде орындау нормаларын көздей отырып, техникалық инспекторлардың мәртебесін көтеру қажет деп санаймыз.
Осы ретте, жергілікті-жерлерде қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан болған жазатайым оқиғаларды сөз етпеуге болмайды.
Соңғы екі жылда ауыр салдарға ұшыраған жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер саны тұрақты. Алайда, білім беру мекемелері өндірістік объекті болып табылмайтынын және жарақаттану мүлдем дерлік болмайтынын ескеретін болсақ, жүргізілген статистика еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне зейіннің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр (2022 жылы – 6жазатайым оқиға, оның ішінде 3 – жарақат ауырлығының жеңіл дәрежесі және 3 – денсаулыққа келтірілген зиянның ауыр дәрежесі; 2023 жылы – ахуал осыған ұқсас). Ал, 2019 жылы — 3, 2020 жылы – 3, 2021 жылы – 4жазатайым оқиға тіркелді.
Қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманның халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысуы және сөз сөйлеуі:
— республикалық семинар: кәсіподақ активі мен өндірістік кеңестер мүшелерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына оқытуды ұйымдастыру және өткізу (Астана қаласы, 2023 жылғы 19 сәуір);
— халықаралық семинар: кәсіодақ ұйымдарының құқықтық еңбек инспекторлары—заңгерлердің біліктілігін 24 сағат көлемінде арттыру (Ресей – Санк-Петербург, 2023 жылғы 09 маусым)
— республикалық ғылыми-практикалық конференция: бүгінгі таңдағы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім кәсіподағының ерекшеліктері, проблемалары және болашағы (Павлодар қаласы, 2023 жылғы 26 маусым).