2020 жылғы 14 ақпан күні Павлодар сервис және тамақтандыру колледжінде салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы А.Ф.Арынова және ПМПУ студенттік кәсіподағының төрағасы Ж.Б.Узыканов студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге 82 студент қатысты. Кездесу барысында олар кәсіподақ және оның қызметі туралы ақпарат алды. Студенттер А.Ф.Арынованы ерекше ықыласпен тыңдап, өзін-өзі жетілдіріп және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беретін студенттік кәсіподақ құруға ниеттерін білдірді.
Өз сөзінде Ж.Б.Узыканов ПМПУ студенттік активтің жұмысына тоқталып, колледж студенттерін облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Г.А.Наурызбаеваның бастамасымен ашылған Коворкинг орталығына экскурсияға шақырды.
Студенттер колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын талантты жастарға қолайлы жағдай туғызуға ерекше назар аударды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі