Рухани жаңғыру-жастарымыздың дара жолы

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті ,елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың «2019 жыл Жастар жылы» деп жариялауына байланысты 26  ақпан, 2019 жылы Қазы жалпы орта білім беретін мектебі КММ  және  «Сенім» желілік қоғамдастығының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру-жастарымыздың дара жолы»  атты аудандық семинары болып өтті.

Семинарды өткізудегі  негізгі мақсатымыз жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігіне сенімділіктерін арттыра отырып, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу болды.

Семинарға Аққулы аудандық  білім бөлімі әдіскерлері Макишева А.А, Мәрен Б.Ж және басқадай  мектеп басшылары мен мұғалімдері, әр мектептен жас мамандар шақырылып, мектепте тақырыпқа сай әдістемелік , тәрбиелік көрмелер ұйымдастырылып, рухани жаңғыру бойынша ұлттық асық ойнау, қолөнер үйірме жұмыстары сонымен қатар шахмат, тоғызқұмалақ, кітапханамен жұмыс, бейнелеу өнер көрмесі, заманға сай робототехника үйірмесінің жұмысы, оқушылардың шығармашылық жұмыстары кеңінен көрсетілді. Семинарға қатысушылардың қызығушылықтарын оятып, өздеріне сәл де болсын рухани жаңғыру бойынша құндылықтарды алды деп ойлаймыз .Семинарды мектебіміздің жоғарғы санатты, педагог – зерттеуші дәрежелі мұғаліміміз Абсолямова Д.Қ бастап, Аққулы аудандық  білім бөлімі әдіскерлері Макишева А.А, мектеп директоры м.а Сарсенбаева А.А құттықтау сөздерімен, 3 «А» сынып оқушысы Жачина Айнэльяның М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп айтуымен семинар шымылдығы ашылып , аға буын «Әжелер» тобы қонақ кәде «Елім менің» әнін шырқап мерекелік іс – шарамен салтанатты түрде ашылды.

Күн тәртібінде  Қазы мектебінің деңгейлік курстан өткен мұғалімдері мен жас маман тәлімгерлері Абсолямов А.В, Абсолямова Д.Қ, биология,физика пәні мұғалімдері ашық сабақ , педагогикалық зертхана, коучингдер көрсетіп өз тәжірибелерін көрсетті.

Семинар негізгі төрт кезеңмен қамтылып, әр іс-шара жоспарға сәйкес заманауи талапқа сай «Жаңартылған білім мазмұнына –жаңаша көзқарас: жаңалықтар,туындаған қиындықтардан шығу тәсілдерін көрсете отырып тәжірибе алмасу болды.  Педагогикалық зертхана кезеңінде Касымова Гулнара Жантеновнаның химия факультатив сабағы «Digestiveorgans, Касымканова Гульнара Төлегеновнаның  «Толық тізбек үшін Ом заңы» үштілділік заман талабына сай ағылшын тілінде өткізілсе,жас мамандар Темирбаева Анара Нұржановнаның «Хобби и свободное время: В мире чисел», Кайрулла Ажар Мейрамовнаның «Жиындар және оларға амалдар қолдану» тақырыптарында тәлімгерлерімен бірлесе отырып өткізілген «Lesson stud» тізбектелген сабақтар топтамасынан педагогикалық тәжірибе алмасу сабақтастығы өтті. Үшінші кезең бойынша жоғары санатты мұғалімдер шебер сынып, тренинг өткізді, атап айтсақ педагог – зерттеуші дәрежелі мұғалім Абсолямов Аскар Владимирович «Технология ТРИЗ в математике», жоғары санатты 2-  деңгейлік мұғалім Пестова Валентина Геннадьевна «Подготовка к ВОУД обучающихся в 4,9,11 классах –составление контекстных заданий» тренинг өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға қатысушылар зор ықыласпен іс-шара жоспарға белсене қатысып, өз ой пікірлерін «Жас мамандар қандай болуы керек?» бұрыштамасына жазып отырды.

Семинар соңында жүргізілген Абсолямова Д.Қ  «Бүгінгі толқын-жастар» кері байланыс ретінде өткізілген интеллектуалды қорытындысы семинар мазмұнына сай өте қызықты өтіп, жастар топтарға бөліне отырып тартыс – таласқа мол білімділер сайысы болды.

Мектебіміздегі осындай ауқымды іс-шарада бүкіл ұстаздар ұжымы белсенділік танытып, әр мұғалім өз үлесін қосты. Бұл семинардың жүзеге асуы- өз жемісін берді, бірақ мұнымен тоқталып қалмай, өз жалғасын тапса екен деген ұсыныстар болды.Тәжірибелі педагогтер осылай жас буын болашағымыз жастармен бірлесе отырып  жаңаша серпіліс жасап, өз жетістіктерін үйретіп отырса алар асу, асар белестеріміз зор болар еді. Білім саласы – жылдам, әрі үздіксіз дамып отыратын сала.Сондықтан да дамып келе жатқан әлемдік білім деңгейінен қалмай үнемі табысты тәжірибені зерделеп, жаңа заманауи білімді үйренуге талпынып отыру керек. Ол жастарымыздың қолында. «Рухани жаңғыру-жастарымыздың дара жолы»  атты семинар өз мәресіне жетіп,  жоғары деңгейде өтті деген сенімдеміз.

 

Қазы жалпы орта білім беретін мектебі КММ аға тәлімгері

Сарсенбаева Мақпал Ертайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *