«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Ғылымдағы әйел» жобасының кейіпкері – жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Қымбатша Мұхамедиеваны ұсынады.
Бүгінгі күні ол екі жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Яғни отбасындағы бала тәрбиесімен қатар, ғылыми ізденістерін де тоқтатпай өз ісіне деген адалдығы мен іскерлігін көрсетіп келеді.
Қымбатша Мәуленқызы – университетте білікті ғалым болса, отбасында адал жар, өнегелі келін және төрт бала тәрбиелеп отырған ана.Осы кәсіби қызметіндегі ғылыми жетістектері мен ашқан жаналықтары еліміздің ғылым саласының дамуына зор үлес қосты.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық
университетінің PhD, Жаратылыстану жоғары
мектебінің қауымдастырылған профессоры
Мухамедиева Қымбатша Мауленқызы
Қ.М. Мухамедиева С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша аяқтаған соң, мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, кейін информатика кафедрасына оқытушы лауазымына шақырылды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының информатика мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, информатика магистрі біліктілігін алды.
2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D011100–Информатика мамандығы бойынша мақсатты докторантурасына оқуға түсті. 2020 жылы докторантураны аяқтағаннан кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D011100-Информатика мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін қорғады.
2020 жылы Қ.М. Мухамедиева медальмен, «Білім беру үдерісін дамытуға қосқан үлесі үшін» сертификатымен және Қазақстан педагогикалық қызметкерлер қауымдастығы ұйымдастырған «Үздік педагог – 2020» республикалық байқауына қатысқаны үшін «Үздік педагог – 2020» дипломымен марапатталды.
2022 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қ.М. Мухамедиева информатика пәні бойынша электронды оқу басылымдарының сарапшыларының мүшесі болып табылады («Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК).
2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде жұмыс атқарды.
Қ.М. Мухамедиева ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Ғылымды гранттық қаржыландыру конкурстарына жыл сайын қатысып отырады. 2021 жылы ҚР БҒМ «Бағдарламаланған ЦБР әзірлеуде ҚШ қолдану әдіснамасы», 2022-2024 жылдар аралығында «Жаппай ашық онлайн курстар арқылы STEM-білім берудің әмбебап мұғалімін даярлау» гранттық қаржыландыру жобаларын басқарды. Жыл сайын өзінің ғылыми зерттеулері аясында жоғары оқу орындары мен мектептердің оқушылары үшін шеберлік сағаттарын, зерттеу конкурстарын және ғылыми мектептерді ұйымдастырады.
Қ.М. Мухамедиева IT саласындағы жоғары кәсіби маман болып табылады. Оның көп жылғы ұстаздық қызметі мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдарда көрініс тапқан. Ғылыми басылымдары цифрландырудың өзекті мәселелеріне, IT оқытуға, робототехникадағы білім беру технологияларына, қашықтықтан білім беру технологияларына, STEM- білім беруге арналған. 80-нен астам ғылыми жарияланымы бар. Негізгі еңбектері Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, Thomson Reuters, Scopus нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланды. STEM-білім беру саласындағы бағдарламалық өнімдердің, оқу құралдарының зияткерлік меншік сертификаттары бар. Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралы жарық көрді.
Ұлыбританияның Брайтон қаласында тілдік тағылымдамадан өтті. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша Наварра мемлекеттік университетінде (Испания) және Нижневартов мемлекеттік университетінде (Нижневартовск, Ресей) тағылымдамадан өтті. Зерттеу нәтижелерімен Испанияның шетелдік конференцияларында және Болгарияда ұйымдастырылған ЮНЕСКО-ның халықаралық семинарында сөз сөйледі.
2024 жылы Стамбул қаласында (Түркия) білім берудің өзекті мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда өзінің зерттеу жұмысы бойынша баяндама жасады.
2022-2024 жж. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы болды.
Көп жылдық педагогикалық тәжірибесі оған студенттердің оқу іс-әрекетінің жоғары ұйымдастырылуымен ерекшеленетін жоғары кәсіби деңгейде сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Сабақта қалыптасқан ізгі ниет, педагогикалық талапшылдық және өзара көмек атмосферасы оқушылардың оқу материалын берік меңгеруге оң мотивациясын қалыптастыруға ықпал етеді. Өмірлік және кәсіби ой-өрісі кең, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту деңгейі жоғары Қ.М. Мухамедиева білім беру процесінде студенттерді дипломдық, магистрлік және докторлық жұмыстарды әзірлеуге және қорғауға дайындауға ерекше назар аудара отырып, білім алушылардың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін сыныптан тыс жұмыстармен ұштастыра отырып, сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті нысандарын пайдаланады.
Қ. М. Мухамедиева бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін зертханалар мен оқу аудиторияларының материалдық-техникалық базасын толықтыру мен жаңартуды ұйымдастыруға белсене қатысады. Оның ұйымдастыруымен компьютерлік жүйелер мен робототехниканың мамандандырылған зертханалары, цифрлық педагогті даярлау және STEM оқыту кабинеті ашылды.
Қ. М. Мухамадиеваның жетекшілігімен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, халықаралық конференцияларда дипломдармен марапатталды.
Қ. М. Мухамадиеваның педагогикалық шеберлікті жетілдіру жөніндегі мақсатты жүйелі қызметі студенттерге білім беру бағдарламасын меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Білім беру сапасын арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіруге, жаңа білім беру технологияларын нәтижелі пайдалануға қосқан зор үлесі үшін Қ. М. Мухамедиева Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және мерейтойлық медальмен марапатталды.
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «ҚАНЫШ ІЗБАСАРЛАРЫ» облыстық жас ғалымдар конкурсының лауреаты.
Мухамедиева Кымбатша Мауленовна
PhD, ассоциированный профессор высшей школы естествознания Павлодарского педагогического университета имени Әлкей Марғұлан
Мухамедиева К.М. в 2002 году окончила Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова по специальности Информатика. После окончания университета работала в школе учителем информатики, в 2003 году приглашена на кафедру информатики в должности преподавателя.
В 2005 году окончила магистратуру Павлодарского государственного педагогического института по специальности Информатика с получением квалификации магистра информатики.
В 2015 году поступила в целевую докторантуру при Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева по специальности 6D011100 – Информатика. После окончания докторантуры в 2020 году защитила степень доктора философии в Казахском национальном педагогическом университете им. Абая по специальности 6D011100-Информатика.
В 2020 году Мухамедиева К.М. награждена медалью, свидетельством «За внесенный вклад в развитие образовательного процесса» и дипломом «Лучший учитель — 2020» за участие в республиканском конкурсе «Лучший учитель — 2020», организованным Ассоциацией педагогов Казахстана.
2022 жылы ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мухамедиева К.М. входит в состав экспертов электронных учебных изданий по предметам Информатики. (РГКП «Республиканский научно-практический центр «Учебник» Министерства образования и науки Республики Казахстан).
2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде жұмыс атқарды.
Мухамедиева К.М. принимает активное участие в научно-исследовательской работе. Ежегодно участвует в конкурсах грантового финансирования науки. В 2021 году руководила проектом гранатового финансирования МОН РК «Методология применения ДР в разработке программированных ЦОР». 2022-2024 года являлась руководителем грантового проекта финансируемым МОН РК «Подготовка универсального педагога STEM-образования с использованием массовых открытых онлайн-курсов» на. Ежегодно в области своих научных исследований организовывает мастер классы, исследовательские конкурсы и научные школы для учащихся вузов и школ.
Мухамедиева К.М. является высоко профессиональным специалистом в области IT. Ее многолетняя педагогическая и деятельность отражена в статьях, учебно-методических пособиях. Научные публикации посвящены актуальным вопросам цифровизации, IT подготовке, образовательным технологиям по робототехнике, дистанционным образовательным технологиям, STEM обучение. Имеет более 80 научных публикаций. Основные труды опубликованы в изданиях, рекомендованных Комитетом по контролю в области образования и науки, в журналах с ненулевым импакт-фактором Thomson Reuters, Scopus. Имеются свидетельства об интеллектуальной собственности программных продуктов, учебно-методические пособия по направлению STEM образования. Опубликовано учебное пособие, рекомендованное Республиканским учебно-методическим советом.
Проходила языковую стажировку в Великобритании в городе Брайтон.
По научной теме исследования стажировалась в Государственном университете Наварры, Испания и Нижневартовском государственном университете, Нижневартовск, Россия. С результатами исследований выступала на зарубежных конференциях Испании и международном семинаре ЮНЕСКО, организованным в Болгарии.
2024 году в городе Стамбуле (Турция) в международной конференции по актуальным вопросам образования выступила с докладом по своей исследовательской работе.
2022-2024 г.г. была ученым секретарем Павлодарского педагогического университета имени Әлкей Марғұлан.
Многолетний педагогический опыт позволяет ей на высоком профессиональном уровне проводить занятия, которые отличаются высокой организацией учебной деятельности студентов. Создаваемая на занятии атмосфера доброжелательности, педагогической требовательности и взаимопомощи способствуют формированию позитивной мотивации студентов к прочному усвоению учебного материала. Обладая широким жизненным и профессиональным кругозором, высоким уровнем самообразования и саморазвития Мухамедиева К.М. использует в образовательном процессе активные и интерактивные формы проведения занятий в сочетании с внеаудиторной работой для формирования и развития общих и профессиональных компетенций обучающихся, уделяя особое внимание подготовке студентов к разработке и защите дипломных, магистерских и докторских работ.
Для подготовки конкурентноспособных специалистов Мухамедиева К.М. принимает активное участие в организации пополнения и обновления материально-технической базы лабораторий и учебных аудиторий. Под ее организацией были открыты специализированные лаборатории компьютерных систем и робототехники, подготовка цифрового педагога и кабинет STEM обучения.
Под руководством Мухамедиевой К. М. в научно-исследовательской работе студенты занимают призовые места в республиканских конкурсах и заваевывают дипломы на международных конференциях.
Целенаправленная систематическая деятельность Мухамедиевой К.М. по совершенствованию педагогического мастерства позволяет студентам достигать высоких результатов в освоении образовательной программы.
За большой личный вклад в повышении качества образования, совершенствование методов обучения и воспитания, продуктивное использование новых образовательных технологий Мухамедиева К.М. награждена почетными грамотами, благодарственными письмами и юбилейной медалью.
Лауреат областного конкурса молодых ученых «ҚАНЫШ ІЗБАСАРЛАРЫ», посвященного 125-летию Қаныш Сәтбаева.