Қазақстан Республикасы күнімен!

Құрметті әріптестер, сіздерді еліміз үшін айтулы және мағыналы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 2022 жылдың маусым айында өткен Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуді қалпына келтіруді, оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл- еліміздің егемендігі туралы декларацияның маңыздылығын айқындап, тәуелсіздік жолындағы маңызды қадам екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасы күні — бұл бостандықты, күш пен өркендеуді бейнелейтін мереке. Әр мемлекет пен оның азаматы үшін, бұл үлкен оқиға. Сіздердің аспандарыңыз әрқашан ашық, болашақтарыңыз жарқын, бүкіл халқымыз үлкен отбасындай тату болсын. Мемлекетіміз бен еліміздің әрбір азаматының игі жақсы істері өрге бассын. Әр отбасы мен әрбір үйге татулық, бейбітшілік пен түсіністік тілеймін.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы
Г. А. Науразбаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *