Құрметті Гүлшат Оралқызы!

Сіздің өміріңіздегі атаулы оқиға – 60 жасқа толу мерейтойыңызға байланысты ізгі ниетімді, ыстық құттықтауларымды қабыл алыңыз!

Сіздің кәсіподақ  саласындағы көпжылғы еңбегіңіз еленіп, бүгінгі таңда өз жалғасын тауып келеді. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие болған Сіз өз ісіңіздің нағыз маманысыз ретінде халықтың игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді жұрт біледі.

Қадірлі Гүлшат Оралқызы, әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, шаттық-қуанышыңыз мол болсын! Отбасыңыздың тірегі, ұрпақтарыңыздың асқар таудай сүйеніші, ізбасарларыңыздың ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз әлі де асқақтай берсін! Отбасыңызға береке-бірлік, басыңызға бақ-дәулет, ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін!

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» 

ҚБ төрайымы Г. А. Науразбаева

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *