Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбек ұжымыңыз Сізді өмір жолын бүтіндей адал жүрегімен қызмет еткен абзал азаматша ретінде таныса, жұртшылық Сізді үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, жүрегіңізбен жүгіне білетін кішіпейіл, ізгі адамгершілікті зиялы тұлға ретінде таниды.
Осы қуанышты сәтте отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін! Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, шаттық-қуанышыңыз мол болсын! Отбасыңыз бен ұрпақтарыңыздың тірегі, асқар таудай сүйеніші және ақылшысы болып, әрқашан сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!
Ізгі тілекпен, Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұжымы