Құқық мәселелері бойынша семинар

 

2020 жылдың 15 мамырында «Тереңкөл аудандық білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалымен видео конференция байланыс режимінде ауданнның білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған семинар өткізілді.
Семинар жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің құқық мәселелері жөніндегі бас маман Г.О. Джаркенова қатысты.
Г.О. Джаркенова Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі қағидаларына түсініктеме берді:
— еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу;
— цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы еңбек шарттарына электрондық құжат нысаны түрінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
— жұмыс беруші мерзімді əскери қызмет өткеру үшін шақырылған жұмыскердің хабарламасы негізінде оған мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті;
— жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады, нақты айтқанда жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді;
— жұмыс берішінің міндеттерінің бекітілуі;
— жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін, жұмыскердің орта жалақының мөлшер есебінен өтемақы төлеуі және тағы басқалар.
Білім беру мекемелерінің басшылары педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін шешетін, ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 15 сәуірдегі №145, «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 160 бұйрықтарымен таныстырылды.
Бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі бекітілген. Сонымен қатар тізімнен аса құжаттар талап етілген жағдайда жауапкершілікке тарту қарастырылған.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық дәрежесі үшін (10 АЕМ) қосымша ақы төленуде, ал 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәлімгерлік үшін қосымша ақы төленетін болады.
Семинар соңында қатысушылармен сұрақтар қойылып, ҚБ құқық мәселелер жөніндегі бас маман Г.О. Джаркеновамен жауаптар берілді. Бұл семинар білім беру мекеме басшыларының және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының еңбек заңнамасы саласында және жалпы білім беру жүйесі бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етті.

«Тереңкөл аудандық білім қызметкерлер
кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы А. Умарова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *