Ұлағатты ұстаз

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – Ақсу қаласы, Алғабас селолық округі, Алғабас ауылындағы Мәжен Қабылбеков атындағы орта мектебініңбастауыш сынып мұғалімі – Жаманбаева Алмагүл Балғабайқызы.

Алмагүл Балғабайқызы – барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да  шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі.

Алмагүл ұстаз — тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген, жоғары біліктілік деңгейдегі жоғары санатты мұғалім. Ол өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау жолында білім жетілдіру деңгейлік, жаңартылған бағдарлама бойынша курстарынан өткен сертификатталған ұстаз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *