Әлеуметтік келісім туралы құжат

Павлодар ауданының білім беру мекемелері 2021-2023 жылдарға жасалған жаңа ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды белсенді түрде талқылап жатыр.

Ұжымдық шарт және олардың өкілдері ұсынатын қызметкерлер арасында жасалатын жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт бола отырып, ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейді.

Ұжымдық шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын және қызметкерлердің экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жұмыс берушінің (ұйымның) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған тараптардың өзара жауапкершілігін арттыруға бағытталғандығы белгілі.

Мерзімі өткен ұжымдық шарттың нәтижелерін қорытындылай келе, оның нәтижелі және тиімді болғандығын атап өтуге болады. Ұжымдық шарттың әр бөлімі мен тармағының артында денсаулықты жақсарту үшін қабылданған келісімнің арқасында балаларды дүниеге әкелу, тұрмысқа шығуға, тұрмыстық қиын жағдайларға байланысты түрлі төлемдер алған нақты адамдар тұр.

Індет  кезінде кәсіподақ мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар кәсіподақ мүшелері болмаса да құқықтары қорғалған. Білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымы арасындағы салалық келісімге сәйкес әр жұмыскерге жұмыс тоқтап қалған жағдайда  төлемдері жүргізілді.

Ұжымдық келісім науқанының басталуы қарсаңында облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Джаркенова Гүлшат Оралқызы өткізген «Ұжымдық шарт жасасу бойынша, ұжымдық шарттар жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» атты бейне сабақ үлкен көмек болып табылды.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары, ТжКБ үшін ұжымдық шарт жобасы әзірленді. Жаңа ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, еңбек заңнамасындағы өзгерістер енгізілді.

Ұжымдық келіссөзге қатысқан барлық жұмысшылар мен жұмыс берушілер жаңа ұжымдық шарт  жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға, жемісті еңбек ету үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі деген сенім білдірді.

 

«Павлодар аудандық білім қызметкерлерінің

 кәсіподақ ұйымы»  филиалының төрайымы                                

Сандугаш Матаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *