Әлеуметтік серіктестік — кәсіподақ алаңында

 

Әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында,  2022 жылдың 7-ақпан күні «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Наурызбаеваның бастауымен Шарбақты ауданы  білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ төрағаларына  «Жаңа нормативтік –құқықтық актілердің  іс жүзінде қолданылуы»  туралы  мазмұнды  семинар өткізді. Гүлбарам Әуезханқызы сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда кәсіподақ жұмысының ауқымды нәтижелері бар екендігіне дәлелді түрде, қысқаша атап өтті.

Әлеуметтік серіктестікті ұйымшылдықпен дамытудағы өзекті мәселелер: «Педагогтардың аттестациясы» және «Кадрларды ратациялау» туралы  маңызды  қағидаттар айтылды. Педагогтардың аттестациясы  жөнінде спикерлер  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шиндлярская Гулсина Шайдуллаевнаға  және Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» басшысы Аушахмановна Бақытгүл Тулегеновнаға  сөз берілді.  Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін дәлелдеуі, білім шыңына жетуі, сапалы білім беру,  адал еңбек ету арқылы  нәтиже көрсете отырып, аттестациядан өту жөнінде ауқымды  ақпараттар берілді. Мекеме басшылары тарапынан туындаған сұрақтарға  нақты  жауаптар  беріліп, семинарға қатысушылар қанағаттанып, ризашылықтарын білдірді.

Семинардың екінші жартысында облыстық қоғамдық бірлестігінің құқық бөлімінің  бас маманы  Джаркенова Гүльшат Ораловна сөз алды. Кадрларды  ротациялау  процесіндегі еңбек қатынастарын рәсімдеу туралы нақты, маңызды мағлұматтар берген Гүльшат Ораловна, білім беру саласы қызметкерлеріне келешекте  еңбектеріне жеміс, дендеріне саулық тіледі.

Мен, Кәсіподақ ұйымының әлеуметтік серіктесі ретінде, қоғамдық өмірде осындай жаңашылдықпен бірге жүруде, педагог қызметкерлерінің  еңбек қатынастарының дұрыс  рәсімделуінде, құқықтарының бұзылмауы және  аттестациядан өту барысында туындайтын қыруар  сұрақтардың шешімін табуда,  кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан еңбегі, маңызы зор дегім келеді.

 

                             Шарбақты ауданының «Абай Құнанбаев атындағы

                                   жалпы орта білім беру мектебінің» директоры

                                   Жақыпова Нұрмира Өміржанқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *