Әлеуметтік серіктестік қолданыста….

Бұл білім беру саласының қызметкерлері арасындағы туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

2020 жылғы 14 ақпанда Тереңкөл ауданы Песчан №2 жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалрға арналған мектеп —  интернаты мекемесінде  аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен кездесу өткізілді. Кездесуге «Қазақстандық  салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Джаркенова Г.О., облыстық білім беру басқармасының орталықтандырылған бухгалтерияның топ басшысы Темирболатова Ж.Ш., облыстық білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Жунусова Г.Т., аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Умарова А.А. қатысты.

Кездесудің мақсаты ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және ұжымда туындағын көптеген мәселелерді қарастыру болды. Бірінші мәселе бойынша, Гульшат Ораловна заңның баптары туралы нақты ақпараттар берді. Сонымен қатар, заңды қабылдаудағы  кәсіподақ ұйымының қосқан үлесі  және жалпы кәсіподақ ұйымының басты міндеттері мен мүдделері жөнінде айтып өтті.

Еңбек ақыға қосылатын төлемдер бойынша Жанар Шотовна түсініктеме берді. Кездесу барысында ұжымнан келіп түскен өтініштер мен еңбек заңнамасының бұзылуы жөніндегі сұрақтар қарастырылды. Соның ішінде, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д. Жумабекова мектеп-интернатта сынып жетекшінің міндетін атқаратынын, бірақ сынып жетекшілікке жеке еңбек төленбейтінін айтты. А.Тургумбаева медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы жөнінде сұрақ қойды. Жазғы лагерьде  балалармен бірге болатын тәрбиешілерге тек 7 сағатына ғана еңбек ақы төленетіндігі жөнінде сұрақтар қойылды. Берілген  мәселелер бойынша Жанар Шотовна қажетті құжаттарды қарастырып, толық жауап беретіндігін және бақылауына алатындығын айтты. Кездесу соңында директордың м.а. И.А. Семкина «Бүгінгі іс-шарада көптен мазалап жүрген сұрақтардың шешімі табылып, көп пайдалы ақпарат алдым» — деп, ұжым атынан алғысын білдірді.

Жұмыстың нәтижесінде, жыл басынан бастап бұл мекемеде облыстық кәсіподақ ұйымының қатысуымен еңбекақының  дұрыс есептелмеуіне байланысты 182000 теңге, мүгедек баласы бар қызметкерлерге Салық кодексінің 156 бабында көрсетілген жеңілдіктер бойынша еңбекақысына қайта есептеу жүргізіліп, екі қызметкерге жалпы 128 924 теңге қайтарылды.

 

«Қазақстандық  салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының

Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *