«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облысы» қоғамдық бірлестігі Баянауыл ауданының филиалы мен қоғамдық бірлестікке қарасты Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай Павлодар облысы Баянауыл ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында шағын футбол турнирі өткізілді.

Жарыс алаңында М.Ж.Көпеев, Баянауыл, Жайма, Шадыра, Сатпаев, Бекмаханов және алан иелері Майқайың мектептерінің ұстаздарынан құралған құрамалар кездесті. Оқушыға білім беретін ұстаздар аяқ доп тебуден де осал еместігін көрсеттіп,жарыстың қызықты өтуіне ат салысты.

Тембіл доп додасының нәтижесінде:

Баянауыл ауданының  білім және ғылым кәсіптік одағының  төрайымы Нығметова Айнагуль Жанатовна жарысқа қатысушыларға медальдар мен кубок және де ақшалай сыйлықтармен және марапаттармен табыс етілді.

Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы»номинациясын Баянауыл құрамасының ойыншысы Дюсембеков Кеңес .

«Үздік қорғаушы» номинациясын Бекмаханов  мектебінің ойыншысы  Сыздыков Шыңғыс.

«Үздік қақпашы» номинациясын Шадыра мектебінің ойыншысы Муканов Баянбек .

«Үздік ойыншы» номинациясын М.Ж.Көпеев мектебінің ойыншысы   Мәдеш Сұлтанбек иеленді.

Турнирлік кесте нәтижесі бойынша:

1-орын Майқайың кенті құрамасы.

2-орын Сатпаев мектебі .

3-орын М.Ж.Көпеев мектебі.

 

Баянауыл ауданының Жастар кеңесінің төрағасы  

Бөгембай Маратұлы Бахиденов

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *