Бүгін, 10 тамыз — қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бері «Абай күні» деп аталып келеді. Яғни, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Үкіметінің қаулысымен мерекелік күнтізбелер қатарына енгізілген. Міне, содан бері Абай күні мерекесі қарсаңында ақынның өлеңдері мен әндері, қара сөздері насихатталып, жас ұрпаққа мәнді-маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Баршаңызды бүгінгі Абай күні мерекесімен құттықтаймыз. Кейінгі ұрпақ, ұл-қыздарымыз Абай сөзімен сусындап, ұлы ақынның өнеге-өсиетін қан тамырына сіңіре берсін.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы
Г. А. Науразбаева