Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке — Алғыс айту күні құтты болсын!

Алғыс айту — жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз.

Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Еліміздің, білім және ғылым, кәсіподақ қозғалысының өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін барлық әріптестерімізге, әлеуметтік серіктестерімізге алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және

жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының

Павлодар облыстық ұйымы»

ҚБ төрағасы                                        Г. Науразбаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған