Бүгін, ақпан айының 28-і күні білім және ғылым саласы кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы жанындағы Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін, ақпан айының 28-і күні білім және ғылым саласы кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы жанындағы Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде облыстық жастар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, 2022 жылға арналған «Жас ұстаз» жол картасын бекіту және Шарбақты ауданындағы білім беру қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жастар саясаты мәселелері бойынша ұжымдық шарттардың орындалуы туралы сұрақтар көтерілді. Отырысқа «Білім және ғылым саласы кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Ә.Наурызбаева, облыстық, қалалық, аудандық Жастар кеңестерінің төрағалары қатысты. Кәсіподақ жанындағы Жастар кеңесінің алдағы жұмыс жоспары бойынша облыстық Жастар кеңесінің белсенді мүшелері А.Е.Абильдинова, Д.А.Карпеченко, А.Б.Серикбаев, М.З.Сергалина өз ұсыныстарын білдіріп, талқыға салды. Бірауыздан мақұлданған шаралар жоспарға енгізіліп, өткізілу уақыты мен жауаптылар белгіленді. Шарбақты ауданындағы білім беру қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жастар саясаты мәселелері бойынша ұжымдық шарттардың орындалуы туралы Щарбақты ауданы Жастар кеңесінің төрайымы А.Т.Смаилова сөйледі. Аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі ұжымдық шарттарда Жастар саясатын жүргізу бағыты талапқа сай қамтылған.

 

Айнұр Еркінқызы Абильдинова

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

 кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ қарасты

Жастар кеңесінің төрайымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған