Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспектордың рөлі.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспектордың рөлі.

Өндірістік кеңестің жұмысы.

Жазатайым оқиғаларды және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің денсаулығына өзге де қатерлерді тексеру және есепке алу

2025 жылғы 19 ақпанда  «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ  Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында Баянауыл ауданының мектеп, мектепке дейінгі мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары мен әкімшілік-шаруашылық бөлігінің орынбасарлары үшін оқыту семинары өткізілді.

Іс-шараға еңбек құқығының сарапшысы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов,  «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Джаркенова қатысып, сөз сөйледі.

Гүлшат Оралқызы тыңдаушылардың назарын еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге аударды және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек құқығын қорғау әрдайым және әрқашан барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының басты міндеті болып қала беретініне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол жұмыс орнындағы жарақаттануды болдырмау, барлық жұмысшылар – кәсіподақ мүшелері үшін қолайлы әрі ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау маңызды екенін атап өтті.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы техникалық инспекторлардың рөлі, өндірістік кеңестердің жұмысы, өндірістік жарақат кезінде зиянды өтеу мәселелері, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібі, жұмысшылардың еңбек қызметіндегі басқа да денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар туралы еңбек құқығы бойынша сарапшы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов өз сөзінде айтты.

Қорытындысында 31 қатысушыға оқу семинарын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған