Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспектордың рөлі. Өндірістк кеңестің жұмысы.

2025 жылдың 20 ақпанында «Павлодар қаласының № 82 арнаулы сәбилер-бақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары үшін оқыту семинарын өткізді.

Шарада еңбек құқығы бойынша сарапшы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов пен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы»     ҚБ-ның бас заң маманы Гүлшат Оралқызы Джаркенова сөз сөйледі.

Семинар-тренинг екі бағытта жүргізілді. Бірінші бөлімде заңнама нормалары тыңдалды.

Гүлшат Оралқызы тыңдаушылардың назарын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге аударып, жұмысшылардың қауіпсіз еңбекке құқықтарын қорғау барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының әрқашан басты міндеті болғанына тоқталды. Сондай-ақ ол кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшылар үшін жарақаттың нөлдік деңгейіне қол жеткізу және қолайлы еңбек жағдайларын жасау маңызды екенін атап өтті.

Еңбек құқығы жөніндегі сарапшы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі техникалық инспекторлардың рөлі, өндірістік кеңестердің жұмысы, өндірістік жарақат алған жағдайда келтірілген залалды өтеудің құқықтық мәселелері, еңбекпен байланысты жазатайым оқиғаларды, жұмысшылардың денсаулығына басқа да жарақаттарды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібі, жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктеріне тоқталды.

Семинардың екінші бөлімінде «Павлодар қаласының № 82 арнайы сәбилер-балабақшасы» МКҚК еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Попова Елена Викторовнаның жұмысы ұсынылады.

 Ол осы қоғамдық жұмыспен 19 жыл айналысады. Ол өз сөзінде жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерімен, сондай-ақ олардың еңбекті қорғау стандарттары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ғимараттың пайдалануға дайындығын қабылдау комиссиясының құрамында жұмыс істеу туралы айтып берді. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына жеке көңіл бөлді. Балабақшада еңбек жағдайына көңілі толған тұрақты ұжым жұмыс істейді. Бұл жұмысшылар арасындағы микроклиматтың жақсы көрсеткіші және үлгісі деп білеміз.

Сондай-ақ семинарға қатысушыларға тренинг және ситуациялық есептерді шешу ұсынылды.

Соңында 31 қатысушыға оқыту семинарын аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған