«Еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспектор-2021» аудандық байқауының қорытындысы шығарылды

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жағдайын ішкі бақылауды құру және тиімділігін арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс болып табылады. Еңбекті қорғау — бұл жұмыс кезінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау процесі. Еңбекті қорғау әлеуметтік, санитарлық-гигиеналық, емдік, профилактикалық және оңалту сияқты бірқатар негізгі шараларды қамтиды.

Қызметтің осы бағытын іске асыру мақсатында  «Тереңкөл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филилалымен  Павлодар облыстық білім  және ғылым қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымының  «Еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспектор — 2021″облыстық конкурсын өткізу туралы ережесі негізінде конкурс ұйымдастырылып, өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру;

— Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы;

— өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылықты төмендету;

— еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру;

— үздік техникалық инспекторлардың жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;

— білім беру ұйымдары басшыларының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына және өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеуге көңіл бөлуін күшейту;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен қағидаларын бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою;

— еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін моральдық және материалдық ынталандыру.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық кезеңге қатысу үшін еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – Песчан ауылы «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Пазникова Анастасия Александровна жолдама алды.

Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік мәселесі аудандық кәсіподақ ұйымының үнемі бақылауында. 2021 жылдың 24-25 наурызында Тереңкөл ауданының білім беру мекемелерінің 20 техникалық инспекторы Павлодар қаласының кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында онлайн форматта оқытудан өтіп, білімдерін толықтырды.

         Павлодар облысы Тереңкөл ауданы кәсіподақ

 ұйымының төрайымы А.Умарова

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған