Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Расында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, нағыз ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Бүгінгі мақаламды білім беру кеңістігінде өзінің орнын тапқан, білікті басшы, тәжірибелі тәлімгер, ұлағатты ұстаз, Май ауданының Саты негізгі орта білім беретін мектебінің директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анафина Алия Нұрғазықызына арнағым келеді. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Алия Нұрғазықызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының 38 жылын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап қана қоймай, мектепке келген талай жас маманға бағыт-бағдар беріп, олардың жақсы маман болып қалыптасып кетуіне өзіндік үлесін қосқан жан. Осының дәлелі, облыстың түкпір түкпірінде абыройлы еңбек атқарып жүрген Рахимгожина Нургуль Шампатовна, Буланбаева Баян Ризоллаевна, Каниева Дана Армановна, Аханбаева Сәндігүл Ермуратовна, Уалиева Гүльнур Алпысбаевна, Тоқмағанбетова Дамира Аскаровна, Өсен Еркегүл, Оразбай Асылбек . Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Алиядай ұстаздың өмірі болашақ үшін үлкен өнеге. Ұстаздық ету тек сабақ өткізумен шектелмесі анық. Білім мен тәрбиені тығыз ұштастыра отырып, кәсіби қызметін де семинар, конкурс сынды түрлі іс-шараларға қатысып, кеңейтіп отырады. 2016 жылы Астана «Ziat» ғылыми әдістемелік орталығы басып щығарған «Өнегелі ұстаз» энциклопедиясына есімі енді. 2017 жылы «Бәсекеге қабілетті жас ғалым» ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында «Основные формы организации познавательной деятельности на уроке русского языка» тақырыбындағы мақаласы жарық көрсе, 2018 жылы «Иннова - 2018» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағында «Семейное чтение как средство нравственно-духовного становления личности ребенка» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ, 2018 жылы «Педстарт» қашықтық олимпиадасында орыс тілі пәнінен ІІ орынға, сол жылы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар сайысында «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша І орынға, 2019 жылы «Ең білімді педагог» І Республикалық пән олимпиадасында ІІІ орынға, сол жылы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасайты ұйымдастырған қашықтық олимпиадасында І орынға иеленді. Сонымен қатар, ұлағатты ұстаз әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеуден де еш шаршаған емес. Оқушылары түрлі деңгейдегі жарыстардан орындар алып, ұстаз мәртебесін үнемі көтеріп келеді. Атап айтар болсақ Абубакарова Милана, Тәңірберген Алмаз республикалық қашықтық олимпиада қатысушылары . Ербол Ерұлан және Социал Айзат Республикалық Ұлттық интернет олимпиадасында І орынды иеленген. Бақытын еңбектен таба білген ұстаз отбасылық өмірде де бақытты жар, ардақты ана. Бар байлығы ұлы Ардақ пен қызы Балауса. Екеуі де жоғары білімді. Жолдасы Ғалымбек те мектепте еңбек етуде. Жиендерін еркелетер асыл әже. Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгінде мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық тұрғыда шыңдауда.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.