Мектеп басшысы – білім ордасына білім-тәрбие нәрін шашып, зор үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігін абыроймен адал атқара білген, сапалы білім мен тәрбиені ұйымдастыруда қажырлы еңбек атқаратын, шығармашыл, өмір тәжірибесі мол, еңбекшіл адам болып табылады. Ұстаз үшін бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен тынымсыз еңбегі арқылы қол жеткізіп, ұстаздық пен басшылықты тең ұстанған жандардың бірі Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектеп мекемесінің басшысы Ахметова Гульсима Миннигалиевнаның білім саласындағы атқарған қызметіне 30 жыл толып отыр. 1970 жыл, Павлодар облысы, Май ауданы, Қызыл құрама совхозында дүниеге келіп, еңбек жолын 1993-2017 ж.ж. Павлодар облысы Ақсу қаласынының 4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, осы мектептің 1998-2016 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Май ауданы, Баскөл ауылының «Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің» директоры лауазымына тағайындалып, еңбек етіп келеді. «Көреген басшы елді өсіреді» дегендей қасиетті қара шаңырағымыздың басшысы қызметі мен орыс тілі пәнінің мұғалімі лауазымын абыроймен адал атқара отырып, мектеп ұжымы мен оқушылардың жеңіске жетіп, биіктерден көрінуіне Гульсима Миннигалиевнаның еңбегі қашан да елеулі. Атап айтар болсақ, 2018 жылы білім сапасын жақсарту мен дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігінің Алғыс хатымен марапатталды, 2018 жылы Май ауданы бойынша педагог қызметкерлердің тамыз конференциясында мекеп «Табысты мектеп» номинациясына ие болды. 2019 жылы Мектеп түлектерінің білім грантына ие болу көрсеткіші бойынша «Үздік мектеп басшысы» номинациясына ие болды. 2020 жылы 2019-2020 оқу жылының рейтингі бойынша аудан мектептер арасында 2 орынды иеленді. 2021 жылы аудандық тамыз конференциясында «Үздік менеджер» номинациясына ие болды. 2020 жылы Аудандық ғылыми жоба сайысында оқушысы Мухамедиярова Дильназ 1 орын иеленді. 2021-2022 оқу жылы оқушысы Мухамедиярова Дильназ Облыстық ғылыми жобалар сайысында 3 орын иеленіп, Павлодар Білім беру басқармасының дипломымен марапатталды және 2022 оқу жылы оқушысы Кайргельдинова Назерке Облыстық экорепортер конкурсына қатысып, 2 жүлделі орынға ие болып, Павлодар Білім беру басқармасының дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, білім беру мазмұны жағдайын дамытуда өз тәжірибесімен бөліскені үшін бірнеше Алғыс хаттармен марапатталды. 2022 жылдың тамыз конфренциясында «Аудан алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сан түрлі сындарлы, кемел жұмыстардың ұйытқысы болып жүрген мектеп басшысы Гульсима Миннигалиевнаның еңбек жолының қашан да жемісті болатынына сеніміміз мол.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.