Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жыл сайын жаңа оқу жылымен қатарласа келетін «Ұстаздар күні» күздің үлесінде.Ұстаз деген абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың оқушы жүрегінен алатын орны ерекше. Оқушы жүрегінен жол тапқан, әріптестерінің арасында сыйлы, ақыл көркіне сай Дукеева Нұргүл Мұқанғалиқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын, «Филология» мамандығы бойынша бітіріп, 2006 жылынан бастап «Қаратай жалпы орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі еңбек етіп келеді.Міне, бүгінде 14 жыл осы мектептің ыстығына күйіп, суғына тоңып адал еңбек етіп келеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» демекші Н.Мұқанғалиқызы оқушыларын білім нәрімен ғана сусындап қоймай, жан-жақты етіп тәрбиелеу мақсатында жыл сайын мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға шәкірттерін қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Нұргүл Мұқанғалиқызы үнемі ізденіп, тынбай жан-жақты еңбектеніп келеді. Еңбектің арқасында қатысқан әр сайысында жүлделі орындарға ие болып келеді. 2018 жылы – облыстық өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері арасында өткізілген «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауында «Ізгілік бастауы» номинация дипломы2019 жылы - Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның құрметіне Өскемен қаласында өткізілген «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының грамотасы, 2020 жылы - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында өткен «Абай жолы – ғасырлық туынды» облыстық әдеби рингте көрсеткен кәсіби, шығармашылық шеберлігі және қолданған жаңа әдіс-тәсілдері үшін ІІ дәрежелі диплом, 2021 жылы – облыстық Білім беруді дамыту инновациялық орталығының өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификаты, 2020 жылы – облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының «Абайтану» факультативтік курсы бойынша бейне сабақтары» облыстық онлайн конкурсында ІІІ дәрежелі диплом; 2021 жылы – ҚР «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған «Ұстаз өнері» байқауында Бас жүлде, «Үздік ашық сабақ» байқауында І дәрежелі диплом, «Үздік заманауи сабақ» байқауында ІІ орын, Успен ауданының «Үздік педагогі» атағына ие болды. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі ұстаздардың қолында. Н.Мұқанғалиқызының шәкіртерінің жеткен жетістіктері бір төбе.Айта кетсек: 2019 жылы - Сапар Темірлан облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларында» «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытының» жеңімпазы І дәрежелі диплом;2020 жылы – Балтабай Махмутоблыстық Мәшһүр-Жүсіп оқуларында«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытының жеңімпазыІІІ дәрежелі диплом; Якубенко Натальяоблыстық Абай оқуларында «Абай шәкірттерінің шығармалары» бағытының жеңімпазы І дәрежелі диплом; Ильяшева Аида - «Алаштың ардақтылары» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «Шығарма» жанры бойынша І орын, Балтабай Махмут«Ақындық жанры» бойынша ІІІ орын; Сансызбай Әділханаудандық 9-11 сынып оқушылары арасында өткен өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиада І орын, Темірболат Ғалымхан ІІ орын; Жолжан Әбілмансұр - ҚР «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған «Мен батырдың ұрпағымын...» байқауындаБас жүлдененің иегері. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Білім беру жүйесін биік ұстайтын осындай білімді ұстаздарымыз көбей берсін. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.