
Жакьянова Клара Тулюбаевна Баянауыл ауданы Майқайын кентіне қарайтын Төртқұдық (Рудник) ауылында дүниеге келген. 1977 жылы мектепті бітіріп, Павлодар қаласында Педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 1980 жылы бітіреді. Колледж бітіргеннен кейін Павлодар Педагогикалық институтына филология факультетіне орыс тілі мен орыс әдебиеті мамандығына сырттай оқуға түседі. 1980 жылы Екібастұз ауданы Комсомол орта мектебінде мұғалімдік жолын бастап, 12 жыл бойы жұмыс істейді. 1992 жылы Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебіне жұмысқа орналасып, 30 жыл бойы еңбек жасап келеді. Қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққанмен қатар, ұстаздық жолын жалғастыруда. Клара Тулюбаевна 2 қыз, 1ұл тәрбиелеген аяулы ана асыл жар. Қыздары тұрмыста, 7 немеренің әжесі. 2011 жылынан бастап еліміздің 4 қаласына яғни, Қызылорда, Өскемен, Қазалы, Ақтөбеге ҰБТ қабылдау бойынша барған. Сол жұмыстардың нәтижесінде ұлттық тестілеу орталығының марапаттарымен марапатталған. 2001 жылдан бастап 2018 жылы аралығында Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 2010 жылы мектеп директоры қызметін атқарады. Ерен еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім министрінің грамотасымен және де Павлодар облысы білім басқармасының "Құрмет" грамотасымен марапатталған. Клара Тулюбаевна әріптестеріне үлгі-өнеге, теңдесі жоқ Еңбек адамы.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.