Еңбек Адамы — Закарьянова Жанар Киянбековна.

Біздің өмірімізде ұстаз ата – анадан соң тәрбие мен білімнің қайнар көзіне сусындатқан ұлы тұлға. Бәріміз де сол «Ұстаз» деген дарын мен ақыл иесінің алдынан өттік. Алдынан өткен шәкірттің білімді ғана емес, жан – жақты дамыған азамат болып шығуына жол ашқан ұстаз еңбегі шетсіз де шексіз. Қаламыздағы 8 орта мектептің биология пәні мұғалімі Жанар Қиянбековна Закарьяновна өз ісінің хас шебері. Ол алдындағы шәкірт жүрегінен орын табатын алатын табанды,талап қойғыш,әдістемелік білімі жоғары, өз пәнін сүйіспеншілікпен оқыта білетін,өте білгір ұстаз. Жанар Қиянбековна сабақтарында білім беріп қана қоймай,оқушыларын танымдық қуанышқа бөлейді.Шәкірттерінің бойына жаңа біліммен қатар жаңашылдықты қатар құятын ол, оның бәрін үлкен ізденістен табады: біліктілік арттыру курст. Әр жаз сайын мектеп алдындағы үлескі түрлі гүлдермен көздің жауын алады.Осындай тамаша композициялы, гүл шоғырлы алаңқайларда Жанар Қиянбековнаның еңбегінің ізі жатыр.Әр көктем сайын гүл егіп, оны баптап күтіп, әдемі,жайқалып өсуіне бар күш – жігерін жұмсайды.Осындай тыңғылықты жұмыстың нәтижесі болар, мектеп "Жасыл желек" атты байқау- сайыста жыл сайын жүлделі орынға ие болып жүр. Биылғы жылы Жанар Қиянбековнаның еңбегінің арқасында облыстық байқауда мектеп Бас жүлдені иеленді. М.Волошин: "Өмір деген – шексіздік және оны тану. Өз қызметіңмен алға жылжы" деген екен.Сол айтпақшы,міне 28 жыл бойы Жанар Қиянбековна Закарьяновна өз қызметінің қызығын да,шыжығын да көруде. Біз де Жанар Қиянбековнаға осы қызығы мен қиындығы қатар еңбек жолында өзінің ұстаздық, тәлімгерлік жолында, белсенді ұстаныммен, өмір көшінен кеш қалмай,алғы шепте жүре беруіне тілектеспіз.

 

Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған