
Иванцик Нина Викторовна оқушыларды әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын қолданады, бұл педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіруге, білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 2021 жылы «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. (сертификат). 2021 жылдың қазан айында «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. (сертификат). 2022 жылдың наурыз айында екі оқушы А.Дренц және В.Купринамен «XXI ғасыр колледжі-тәжірибе, құзыреттер, жобалар» ғылыми – практикалық қашықтық конференциясына қатысты. (қатысқаны үшін сертификат). 2022 жылғы наурызда «Альманах» республикалық ғылыми – әдістемелік журналында «Тәуекелдерді басқару жүйесі-экономиканың тиімділігін арттыру тетігі» атты мақаласы жарияланды.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.