Еңбек Адамы — Исаканова Қарлығаш Темеркановна.

Егер сен тек қана оқу ісі меңгерушісі қызметінде болсаң,одан ештеңе шықпайды. Ал осы жұмысты жан- тәніңмен беріле жасасаң,оның нәтижесі болады. Оқу ісінің меңгерушісінің бойынды "бәрін білемдік" қана емес, тиімді көмек көрсете алатын қабілет болуы шарт. Бұл жолдар дәл Қарлығаш Темеркановна туралы айтылған. Сыртынан қатал көрінгенімен,мейірімді,ақылды,еңбекқор,балаларды түсіне алатын,оларды жақсы көретін,жұмыстағы қиындықтарда мойымайтын жан. Міне,біздің Қарлығаш Темеркановна осындай! Ешкімге ұқсамайтын,батыл, ғажайып адам. 1995 жыл.Осы жылы жас бойжеткен Исаканова Қарлығаш Темеркановна №8 орта мектеп табалдырығын аттады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы екен. Одан бері 27 жыл өтті.Бүгінгі күні ол мектеп директорының "оң қолы" оның ең бірінші көмекшісі, өз іс- әрекетіне жауап бере алатын,басқару ісінде шешім қабылдай алатын тұлға. Қарлығаш Темерканвна әр түрлі көзқарастағы,әртүрлі мінез бен өз айтарлары бар жандармен тіл табыса алады. Ол өзінің тәжірибесін, күш- әрекетін қолдана отыра,адал,нақты,түбегейлі шешімдерге бағыттап, ұстаздар жұмысының жетістіктеріне қол жеткізеді. Қарлығаш Темеркановнаның негізгі жұмысы өзінің ғана емес, педагогикалық мамандардың өсіп-жетілуі. Әр ұстаздың кәсіби өсуіне ден қойып,компьютерлік техниканы,аұпараттық технологияларды меңгерулері. Өзінің жоғары мәдениеттілігі, өзге адамды тыңдай алатындығы мен өзара түсіністікке жетелеуі, шығармашылдығы бір төбе. Қарлығаш Темеркановна Исаканова - бір басына көркемдік, сүйкімділік пен күш- қуатты жинақтаған жан.

 

Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған