Курмангазина Замзамгуль Кудайбергеновна 1961 жылы 9 қыркүйекте Павлодар облысы Қашыр ауданы Трофимовка ауылында дүниеге келді. 1983 жылы Павлодар педагогикалық институтының шет тілдер факультетін аяқтады. Еңбек жолын 1983 жылы Қашыр ауданы Бобровка ауылында неміс тілі мұғалімі болып бастады. 1984 жылдан 1988 жылға дейін директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1989 жылдан 1991 жылға дейін Шақат орта мектебінде неміс тілі мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1991 жылдан 1994 жылға дейін Краснокутск ауданының Октябрь орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2003 жылға дейін Екібастұз қаласының №1 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2017 жылға дейін «Мичурин балалар үйі» КММ-де тәрбиеші болып жұмыс істеді. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де ана-тәрбиеші болып жұмыс істеуде. Жұмыс істеген жылдары марапатталды: 2009 жылы облыстық кәсіподақ өткізген байқаудың жеңімпазы, «Я сердце детям отдаю…» номинациясы; 2019 жылы «Кәсіби шеберлігі үшін» грамотасымен және «Дарын» республикалық конкурсына қатысушысы сертификатымен; 2019 жылы облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен; 2021 жылы Білім беру Министрінің Құрмет грамотасымен.
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.