
Гүлмира Бекболатқызы Сейтахметова он бес жылдан астам белсенді түрде кәсіподақ қызметін жүргізіп келеді. 2014 жылы педагогикалық ұжымның жиналысымен Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «№2 негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды. Ол кәсіподақ ұйымының және педагогикалық ұжымның нағыз көшбасшысы, өзін-өзі басқаруға қабілетті, жұмыста үлгі бола алады, ұжымды ұйымдастыра алады және кәсіподақ ұйымының жұмысын сауатты құра алады. Кәсіподақ мүшелігін ынталандыруға, жастарды кәсіподаққа тартуға көп көңіл бөледі. Оның басшылығымен мектепте «Начни с себя» шейпинг - клубы ұйымдастырылды, жас маман Алиса Юрьевна Литвинюк осы клубтың басшысы болып табылады. Осындай клубты құрудың мақсаты ұжымның салауатты өмір салтын қолдау, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының беделін арттыру, кәсіподақ құрылымын нығайту, еңбек ұжымындағы кәсіподақтың беделін арттыру болып табылады.Гүлмира Бекболатқызы өзінің барлық жұмысын әлеуметтік әріптестік және мектеп әкімшілігімен ынтымақтастық қағидаттарында, барлық мәселелерді қызметкерлердің мүддесі үшін сындарлы диалог жолымен шеше отырып құрады. Төрағаның нәтижелі жұмысының арқасында әрбір қызметкер қамқорлықты, назарды және құқықтық қолдауды сезінеді. Сондықтан барлық ұжым 100% білім және ғылым бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады. Гүлмира Бекболатқызы кәсіподақ желісі бойынша сертификатталған жаттықтырушы болып табылады, сондықтан ол өз тәжірибесімен аудандық және облыстық деңгейде бөліседі. Ол өзінің әріптестеріне –кәсіподаққа кіруге ынталандыру жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған брошюраны шығарды. Кәсіподақ байқауларында, жарыстарда, спартакиадаларда, КТК-да, хореография сайыстарында жүлделі орындар әртүрлі бағыттардың даму нәтижесі болып табылады. 2015 жыл-педагогтер арасында аудандық КТК-да бірінші орын, облыстық КТК-да үшінші орын, 2016 жыл-ауданның педагогикалық ұжымдарының хореографиясы бойынша І орын, оның ұжымы хореография бойынша облыстық ауқымдағы диплом лауреаты болып табылады. 2021 жыл – «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде бас жүлде, осы конкурстың облыстық кезеңінде бірінші орын алды. Өзінің еңбегі үшін білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы - А.М. Мукашеваның, «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы» бірлестігінің төрағасы - Г. Ә. Наурызбаеваның құрмет грамоталарымен, сондай-ақ білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының аудандық филиалының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды. Міндеттілік, ұқыптылық, жақсы ұйымдастырушылық қабілеттер - Гүлмира Бекболатқызын кәсіподақ көшбасшысы ретінде сипаттайтын қасиеттер және соның арқасында ол әріптестерінің, оқушылардың және олардың ата-аналарының лайықты құрметіне ие. Гүлмира Бекболатқызының кәсіподақ жолы-білім мен ғылымның өркендеуі жолындағы сүйікті ісіне қызмет етудің жарқын үлгісі.
Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі