
Дүниедегі манандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Осындай атаққа ие болып жүрген, әріптесіміз Смаилова Жанат Хасанқызы көп жылдар бойы Қаратай мектебінде еңбек етіп келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - демекші, Ж.Хасанқызы оқушы жүрегіне жол тауып, шәкірттеріне білім нәрімен сусындатып келеді. Өз сабағын заман талабына сай ұйымдастырады.Оқушылардың сапалы білім алуына көп көңіл бөледі. Оқушылар түрлі сайыстарға қатыстырады. Аудандық 8-11 сыныптар арасында өткізілген пәндер олимпиадасынан биология пәнінен 3 орын, оқушыларды облыстық «Ғылым-STARS» телеойнына қатысқаны үшін «Алғыс хат» ,халықаралық қашықтықтан өткізілген пән олимпиадасынан 3 оқушы 3 орын иеленді.«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, жақсы тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.Ж.Хасанқызы биыл 11-сынып оқушыларына сынып жетекшілік етіп, түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. Мектебімізде 4 оқушы бітірді, оның 3 жоғары оқу орнына түсті. 2021 оқу жылы ҰБТ-дан 11-сынып түлегі Сансызбай Әділхан Ержанұлы таңдау пәні биологиядан 40 балл алды. Биологиядан сабақ берген, ұстазы әрі сынып жетекшісі Смаилова Жанат Хасанқызы. Шәкірттерінің ұстазға деген алғысынан асқан құрмет бар ма? Ұстаз әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Бұл да Ж.Хасанқызының еңбегінің жанғаны. Мереке қарсаңында Жанат Хасанқызына шығармашылық табыс, отбасылық бақыт, білімді шәкіртері көбейе берсін деп тілейміз! Ұстазды сыйлау –өмірдегі бір борышың.Ұстазға құрмет- адамзатқа міндет.Ұстаздар мәңгі жасасын!
Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.