Еңбек Адамы — Сулейменова Баглан Алькеновна.

Сулейменова Баглан Алькеновна 1959 жылы 16 қыркүйекте Павлодар облысы Ермак ауданы Потанин ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1978 жылы Ермак ауданы Приозерск орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1985 жылдан бастап Екібастұз қаласында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Мичурин балалар үйі» КММ-де тәрбиеші болып жұмыс істеді, онда оған жоғары санатты тәрбиеші біліктілігі берілді. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ әдіскер болып жұмыс істеуде. Баглан Алькеновна өзін әдістемелік сауатты, кәсіби шығармашылық педагог ретінде көрсете білді, өз жұмысына ауапкершілікпен және адал қарайды. Баглан Алькеновна - жақсы оратор, идеяны педагогтерге түсінікті және қол жетімді түрде жеткізе алады. Жұмыс істеген жылдары марапатталды: Аудандық білім бөлімі және кәсіподақ грамотасымен; Екібастұз қ. №15 орта мектебі директорының грамотасымен; Павлодар облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен.

 

Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған