Еңбек Адам — Жунусова Ботагоз Каиртасовна

Кей адамның пешенесіне әуелден- ақ қандай да бір мамандықтың нақты иесі болу бақыты бұйырып тұрады.Сондай жан иесі- Ботагоз Каиртасовна Жунусова.Өзі де бірінші сынып оқығаннан бастап,алғашқы ұстазына еліктеп,ұстаз болуды армандаған екен. Бала күнгі арманын іске асырып, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын тәмамдап,туған еліне математика пәні мұғалімі болып оралды. Алғашқы еңбек жолын Ақсу қаласы 6 орта мектебінің математика пәні мұғалімі болып бастады. 1985-1996 жылдар аралығында осы мектеп қабырғасында еңбек ете жүре, институтта алған білімін тәжірибемен шыңдай түсті.1992 жылы алғаш рет 11 сынып оқушыларын мектеп қабырғасынан түлетіп ұшырып,11 жылдық еңбегінің жемісін көрді. 1996 жылдан бастап 8 орта мектепте еңбек етеді.Оның оқытатын сыныптары математика пәнін тереңдете оқытатын сыныптар болып келеді. Биылғы жылы ұстаздың еңбек өтілі 37 жылдан асып отыр. Күн сайын Ботагоз Каиртасовна мектеп табалдырығын бірінші еңбек күнін бастайтындай толқи аттайды.Оқушыларын ойлап толқиды, бүгінгі күн жоспарын ойлап толқиды...Ал сынып есігінен кіре бәрін де ұмытады.Өзіне қарап күлімдеп отырған шәкірттерінің жанарларынан білімге деген құлшынысты байқап,өзге шаруаның бәрін ұмытып, ұстаздық қызметіне кірісіп кетеді. Ботагоз Каиртасовна оқушылары үшін нағыз жанашыр жан.Ол дарынды ұстаз,жүрегі жұмсақ, ақылды,шыдамды,шынайы,сүйкімді адам.Өз шәкірттерін Отанды сүюге,оның тарихын білуге, адамды сыйлай білуге үйретеді. Осындай өзіндік қасиеттері оқушылармен жұмыс барысында оң нәтижеге қол жеткізеді. Оқушылары сабақ барысында тапсырмалардың тиімді бағытталып берілуіне сай ыждағаттылықпен жұмыс жасайды.Бұл ұстаздың жоғары біліктілік және ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді.Ол талап қоя біледі,сонымен қатар мейірімді,оқушылары,әріптестері мен ата- аналары арасында ерекше құрметке ие.

 

Павлодар облыстық Қазақстан салалық ұйымының баспасөз қызметі

білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған