Жас басшы мектебінің отырысы

2020 жылғы 2 маусым күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы онлайн форматта Білім беру ұйымының жас басшысы мектебінің кезекті отырысын өткізді.

Мектеп отырысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелер бойынша бас маманы  Г.О. Джаркенова қатысты.

Гульшат Ораловна өзінің «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелеріне байланысты заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» баяндамасында еңбек қатынастарын реттеуге қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі айқындады, «еңбек дауы», «тәртіптік бұзушылық» жаңа түсініктеріне аса назар аударып, оларға анықтама берді.  Ол заманауи талаптарға сәйкес жұмыс берушінің электрондық құжат түріндегі актілерді шығара алатындығына жеке тоқталды. Сонымен қатар еңбек заңнамасы саласындағы өзгертулер және «Педагог мәртебесі» заңының жүзеге асырылуы туралы айтты.

Мектеп жетекшісі А.А. Смаилканова мектептегі жергілікті-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берді.   Мектеп тыңдаушылары құжаттау ережелерін талқылап, істер номенклатурасының құрылымы мен оған қойылатын талаптарды және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін жан-жақты қарастырды.

Отырыс соңында мектеп тыңдаушылары алынған ақпараттың тәжірибелік қолданылуы туралы пікір алмасып, кезекті «үй жұмысын» және екінші сабақтың әдістемелік-дидактикалық материалдарын алды.

 

Заседание школы молодого руководителя

 

Инновационным центром развития образования 02 июня 2020 года было проведено очередное заседание Школы молодого руководителя организации образования в онлайн формате.

На заседании школы приняла участие Джаркенова Г.О., главный специалист по правовым вопросам Общественного объединения «Павлодарская областная организация Казахстанского отраслевого профессионального союза  работников образования и науки.

Гульшат Ораловна в своем выступлении «О внесении изменений и дополнений в законодательные акты Республики Казахстан по вопросам труда» подробно объяснила вопросы, касающиеся регулирования трудовых отношений, особое  внимание  было уделено новым понятиям «трудовой спор», «дисциплинарный проступок», изложено его определение.  Отдельно остановилась на вопросе, где говорится, что работодатель может издавать акты в форме электронного документа, что соответствует современным требованиям. Доходчиво разъяснила изменения в области трудового законодательства и реализации Закона «О статусе педагога».

Руководителем Школы молодого руководителя Смаилкановой А.А. даны разъяснения по локально-правовым актам в школе.   Слушатели школы обсуждали правила документирования и управления документацией, детально рассмотрены структура и требования к номенклатуре дел и вопрос организации летнего отдыха детей.

В заключение заседания школы слушатели поделились мнениями о практическом применении полученной информации и получили очередное «домашнее задание» и методико-дидактические материалы второго занятия.

 

Павлодар облысының баспасөз қызметі 

ұйымдарының Қазақстандық салалық

білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған