«Жас маман – жаңа идея»

Жастар жылы – жасампаздық бастауы. Елбасының осы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы тегін емес. Қазіргі жастар жан-жақты дамыған, жаңа технологиялардың қыр-сырын игерген, бәсекеге қабілетті тұлға. Жастар жылының ашылуына байланысты салтанатты жиында жастардың бастамалары мен жобалары жайлы жан-жақты айтылды.

Осындай бастамалардың бірі ретінде Аққулы ауданының кәсіподақ ұйымы мен жастар белсенділерінің  бірлесіп ұйымдастыруымен Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебі базасында 2017 жылдан бастау алған ауданаралық «Жас маман – жаңа идея» жас мамандар сайысы өткізілді. Сайысқа Ақтоғай ауданы, Павлодар ауданы, Ақсу қаласы және Аққулы ауданының жас мамандарынан құрылған командалар қатысты.

«Жас маман – жаңа идея» сайысы Аққулы ауданының кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Н.Оспанованың алғы сөзімен басталды. А.Н.Оспанова қатысушыларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

Сайыс 3 кезеңді қамтыды. «Мектеп және жас маман»- қатысушы өздері туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын, мектебін қызықты формада таныстырады. (стандартты түрде емес) «Жас маман – болашақ үміті» — мектептегі жас мамандар мектебінің жұмысы, жас мамандар туралы бейне репортаж, бейнеклип, бейнесюжет түрінде ұсынылады.

Келесі «Жас маман шеберлігі»  (конкурс ұйымдастырушылар қалауымен орындалады) және соңғы кезең «Жас маман-жаңа идея » — ( білім беру саласына жаңа идеяларды енгізу, оларды кейіннен жүзеге асыру, өз іс-тәжірибелерімен бөлісу).

3 кезеңнің қорытындысы бойынша, әділ-қазылардың шешімімен 3 орын Ақтоғай ауданының жас мамандар командасына бұйырды. Павлодар ауданының жас мамандары 2 орынды иеленсе, Аққулы ауданының жас мамандары 1 орында қанжығаларына байлады. Ақсу қаласынан келген жас мамандар алға оза шығып «Бас жүлде» иегері атанып, жылжымалы кубокты иеленді. Барлық командаларға бағалы сыйлықтар берілді.

Сайыс соңында Аққулы ауданының кәсіподақ ұйымының төрайымы Аққулы ауданының белсенді жастарын құрмет грамотасы, алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шараның екінші кезеңінде ….. қатысуымен диалогтік алаң өткізілді. Алаңда жастар емін-еркін отырып, өз ойларымен, пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Алдағы уақытта өткізілетін іс-шараларды талқылады.

Кең ауқымда өткізілген іс-шара аудан жастары үшін қызықты болды. Жас мамандар бір-бірімен араласып, тығыз қарым-қатынаста болуға, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды.

Келесі жылы Ақсу қаласында кездескенше!

Аққулы ауданының жас мамандары

One thought on “«Жас маман – жаңа идея»”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған