Жұмыс орнында еңбекті қорғау нормаларының сақталуы –кәсіподақ назарында

Тереңкөл аудандық  білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының  жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың  11 наурызында бастауыш кәсіподақ төрағаларына арналған семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Білім беру мекемелерінде ұжымдық келісім шарттың орындалуына, еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.                          Семинар барысында « Ұжымдық келісім шарт – нақты жұмыс берушімен еңбекті реттейтін нормативтік-құқықтық акт»,  «Жұмыс орнында еңбекті қорғау нормаларының сақталуы –кәсіподақ назарында» деген тақырыптар қамтылды. Бұл іс-шараның сұрақ-жауап форматында өткізілуі арқасында  барлық қатысушылар қызығушылықпен еркін пікірталаста болды. Кәсіподақ төрағалары өз тәжірибесінде кездескен жағдаяттарды ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Береговой ЖОББМ мен Песчан №1ЖОББМ ұжымдық келсім шарттары негізге алынып талқыланды. Байқоныс ЖОББМ төрайымы Сулейменова М.Б., Воскресенко ЖОББМ Абраева А.А. өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында аудандық кәсіподақ ұйымының алдағы жоспарланған іс-шараларымен таныстырылды.

 

Тереңкөл аудандық кәсіподақ

 ұйымының төрайымы А.Умарова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған