Кәсіподақтар күні

11 қазанда Тереңкөл ауылында Кәсіподақтар күніне орай аудандық білім саласы қызметкерлеріне  арналған мерекелік жиын өткізілді. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған. Жиын барысында, бастауыш ұйым өкілдерінің жұмысы сараланып, жыл бойы өткізілген конкурс – байқаулардың қорытындылары шығарылды. Кәсіподақтық қоғам заман талабына сай, өз ұйымының қызметін әрі қарай жетілдіретін жобалық тәсілдерді қажет ететін талаптарды қабылдауда. Осыған орай аудандық «Кәсіподақтар жобасы» байқауының қорытындысы бойынша:                                 —   «Біз біргеміз!» жобасы – Байқоныс ЖОББМ, Береговой ЖОББМ кәсіподақ ұйымдары мен «Құқықтық қорғау жүйесін дамыту – кәсіподақ үйірмесінің жұмысы» жобасы — Ынталы НМ кәсіподақ ұйымы жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды.

Кәсіподақ қызметкерлерін төл мерекесімен білім беру бөлімінің әдіскері А.Б. Жұмасанова, педагогика еңбегінің ардагерлер төрайымы                         Л. А. Голубцова, Жастар кеңесінің мүшесі Н.М. Сеитов құттықтап, тілектерін білдірді. Мереке соңында ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлер облыстық кәсіптік одағының құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен және де аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке барысында  Музыка мектебінің оқушылары ән мен күй сыйлады.

                             Тереңкөл аудандық кәсіподақ

ұйымының төрайымы А.Умарова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған